Об утверждении Правил прохождения курсовой подготовки военнообязанных Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 1584 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери міндеттілердің курстық даярлықтан өту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы (бұдан әрі – ӘМКД):
Тармақша 1
1) қатардағы және сержанттар құрамының әскери міндеттілері үшін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында, әскери оқу орындарында және Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде);
Тармақша 2
2) офицерлер құрамының әскери міндеттілері үшін – әскери оқу орындарында және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында (әскери факультеттерінде) жүргізіледі.
Тармақ 3
3. ӘМҚД үшін алдағы күнтізбелік жылға жұмылдыру қажеттілігі есебін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жыл сайын 1 қазанға дейін айқындайды.
Тармақ 4
4. ӘМҚД үшін қабылдау жоспарын (бұдан әрі – жоспар) күнтізбелік жылға Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселесіне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі жұмылдыру қажеттілігі есебі және әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігі негізінде әзірлейді, ол мамандандырылған ұйыммен, әскери оқу орнымен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасымен (әскери факультетімен) (бұдан әрі – ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар) келісіледі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі немесе ол уәкілеттік берген адам ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді. Бекітілген жоспардан үзінді жоспар бекітілгеннен кейін ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдарға оларға қатысты бөлігінде бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тармақ 5
5. Оқу взводтары мен бөлімшелерді құруды және жасақтауды ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 6
6. ӘМҚД Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жалпыәскери жарғыларының талаптары ескеріліп ұйымдастырылады.
Тармақ 7
7. ӘМҚД жүргізу үшін қажетті оқу бағдарламаларын, жоспарлау, есепке алу, ақпараттық және есеп беру құжаттарын ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым осы Қағидалар негізінде әрбір әскери-есептік мамандық бойынша әзірлейді.
Тарау 2. 2-тарау. Курстық даярлық ауқымы
2-тарау. Курстық даярлық ауқымы
Тармақ 8
8. ӘМҚД-дан өту ауқымы мынадай болып белгіленеді:
Тармақша 1
1) қатардағы және сержанттар құрамының әскери міндеттілері үшін – 240 – 360 академиялық сағат;
Тармақша 2
2) офицерлер құрамының әскери міндеттілері үшін – 320 – 480 академиялық сағат.
Тармақ 9
9. Әрбір әскери-есептік мамандық бойынша ӘМҚД ұзақтығын ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар оқу бағдарламасын ескеріп, бекітілген жоспар негізінде айқындайды.
Тарау 3. 3-тарау. Курстық даярлыққа қабылдау және жіберу тәртібі
3-тарау. Курстық даярлыққа қабылдау және жіберу тәртібі
Тармақ 10
10. ӘМҚД-дан өтуге ниет білдірген әскери міндеттілер ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымға мынадай құжаттарды береді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘМҚД-дан өтуге өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) әскери билетінің (бар болса) көшірмесі;
Тармақша 4
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
Тармақ 11
11. Әскери міндеттілер ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдармен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазбаша түрде өтеулі негізде ӘМҚД-дан өтуге шарт жасайды.
Тармақ 12
12. Әскери міндеттілерді ӘМҚД-ға қабылдау әскери міндеттілер берген құжаттар мен бекітілген жоспар негізінде ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Әскери міндеттілер ӘМҚД-ға қабылдау туралы бұйрықта белгіленген мерзімде келеді және білім алуға кіріседі.
Тарау 4. 4-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
4-тарау. Оқу процесін ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Оқу процесі саны 30 адамға дейін болатын оқу взводы құрамында ұйымдастырылады. Взвод командирі білім алушылар қатарынан тағайындалады. Әрбір взвод ішінде саны 10 адамнан аспайтын оқу бөлімшесі құрылады, олардың әрқайсысында білім алушылар қатарынан жетекші тағайындалады.
Тармақ 15
15. ӘМҚД кезеңінде сабақ өткізудің негізгі нысандары:
Тармақша 1
1) теориялық сабақ;
Тармақша 2
2) практикалық сабақ.
Тармақ 16
16. ӘМКД-ның оқу процесі оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады және ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары бекітетін сабақ кестесі бойынша жүзеге асырылады. Оқу күнінің ұзақтығы, сабақ өткізу жүйелілігі мен уақыты ӘМКД-ның оқу бағдарламасына байланысты белгіленеді. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курс ӘМКД-ның оқу бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық сабақтарды және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Тармақ 17
17. ӘМҚД-ны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету оқу бағдарламаларын, сабақ өткізу жоспарын, оқу-көрнекі құралдарды, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беруді, сондай-ақ ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдардың әзірлеген материалды қамтиды.
Тармақ 18
18. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымда ӘМҚД-дан өтуді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың жеке карточкасын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. ӘМКД-дан шеттету ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымның басшысы бекіткен ішкі тәртіп талаптарын бұзғаны үшін;
Тармақша 2
2) дәлелсіз себептермен 18 оқу сабағына қатыспағаны үшін. Дәлелсіз себептерге тиісті ресми құжаттармен расталған уақытша еңбекке жарамсыздық (ауру), сондай-ақ жақын туыстарының қайтыс болуы, отбасылық немесе қызметтік мән-жай сияқты өзге де мән-жайлар жатады;
Тармақша 3
3) өз қалауы бойынша;
Тармақша 4
4) ӘМКД-дан өтеулі негізде өтуге шарттың талаптарын бұзғаны үшін.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды аттестаттау және оқыту нәтижесін ресімдеу
5-тарау. Қорытынды аттестаттау және оқыту нәтижесін ресімдеу
Тармақ 20
20. Әскери міндеттілерді қорытынды аттестаттау ӘМКД оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін оқу бағдарламасын меңгеруді тексеру және қажетті теориялық және практикалық білім мен дағдыларды меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Қорытынды аттестаттау теориялық бөлікті (тестілеу немесе ауызша сұрау) және практикалық бөлікті (ӘМҚД бағдарламасы бойынша жаттығуды орындауды) қамтиды.
Тармақ 22
22. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымда әскери міндеттілерді қорытынды аттестаттау үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, оның құрады саны кемінде 5 адам оның мүшелерінің тақ санынан болады. Комиссия құрамына оқытушылар, практикалық даярлық шеберлері, ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшылығының өкілдері, жергілікті әскери басқару органының немесе осы гарнизонда орналасқан әскери бөлімнің өкілдері кіреді. Жергілікті әскери басқару органының немесе осы гарнизонда орналасқан әскери бөлімнің өкілі комиссия төрағасы болып табылады.
Тармақ 23
23. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери міндеттілердің қорытынды аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады. Қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықтан» төмен емес баға алу ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курсты аяқтаған болып есептеледі. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өту әскери оқу-жаттығу жиындарынан өткенге теңестіріледі. Әскери міндеттілерге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өткені туралы сертификат беріледі. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар ӘМКД аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде әскери міндеттілердің әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына тиісті мәліметтерді жібереді.
Тармақ 24
24. ӘМКД бағдарламасы бойынша толық курстан өткен әскери міндеттілерге Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен кезекті әскери атақтар беріледі. ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымдар ӘМКД аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде офицерлер құрамы бойынша хаттамадан үзіндіні запастағы офицерлердің кезекті әскери атақтарын беру үшін кадр жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне жібереді. Қатардағы және сержанттар құрамы бойынша хаттамадан үзінді запастағы сержанттар құрамының кезекті әскери атақтарын беру үшін әскери міндеттілердің әскери есепке алу орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жіберіледі.
Тармақ 25
25. Комиссия хаттама бекітілген күні онымен білім алушыларды таныстырады. Қорытынды аттестаттау нәтижесімен келіспеген білім алушылардың апелляциясын қарау үшін ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен ӘМКД-ны жүзеге асыратын ұйымның өкілдері, осы гарнизонда орналасқан жергілікті әскери басқару органының немесе әскери бөлімнің өкілдері қатарынан апелляциялық комиссия құрылады және мүшелердің тақ санынан (кемінде үш адам) тұрады. Білім алушы апелляцияны қорытынды аттестаттау нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні жазбаша түрде береді. Апелляциялық комиссия өтінішті білім алушының қатысуымен ол түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тәртіппен қарайды. Білім алушы апелляциялық комиссия отырысына келмеген жағдайда өтініш қаралмайды. Апелляциялық комиссияның шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қабылданады және комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 26
26. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген әскери міндетті білім алушылардың кезекті тобымен бірге қорытынды аттестаттаудан қайта өтеді. Қайта қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша «қанағаттанарлықтан» төмен емес баға алған әскери міндеттіге осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес сертификат беріледі және осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес кезекті әскери атақ беріледі.
Басқа 1
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге: Басшыға Кімнен: Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _______________________________ Туған күні: ____ жылғы «___» __________ Тіркелген (тұратын) жері: ______________________ Байланыс телефоны: __________________________________ Әскери-есептік мамандығы: _______________________________________________ Құрамы (қатардағы/сержанттар/офицерлер): _______________ Мені өтеулі негізде әскери міндеттілерді даярлау бағдарламасы бойынша курстық даярлыққа қабылдауыңызды сұраймын. Курстық даярлықтан өту талаптарымен таныстым және келісемін. Өтініш берілген күн: 20 жылғы «_» __________ Жеке қолтаңба _______________________
Басқа 2
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Бірге «Тараптар» деп аталатын бір тараптан ________________________________________________________________________ негізінде ______________________________________ атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы/жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әскери кафедрасы (әскери факультеті)/әскери оқу орны (бұдан әрі – орындаушы) және екінші тараптан бұдан әрі – Білім алушы деп аталатын Қазақстан Республикасының азаматы(шасы)__________________________________________ (әскери міндеттінің А.Ә.( бар болса).Т. ЖСН: _______________, жеке куәлік №: ________, 20 жылғы « » __________ ____________________ берілген, әскери билет №: _________________________, төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Орындаушы Білім алушыға ______________________________ әскери-есептік мамандығы бойынша _________ академиялық сағат көлемінде курстық даярлықты ұйымдастыруға және өткізуге міндеттенеді, ал Білім алушы осы даярлықтан өтуге және белгіленген тәртіппен оның құнын төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Шарттың қолданылу мерзімі.
Тармақ 2.1
2.1. Курстық даярлықтан өту мерзімі: 20_ ж. «____» ____________ бастап 20_ ж. «____» ____________ дейін.
Тармақ 2.2
2.2. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар ол бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
Тармақ 3
3. Құны және төлеу тәртібі
Тармақ 3.1
3.1. Курстық даярлықтың жалпы құны: _________ (__________) теңге.
Тармақ 3.2
3.2. Білім алушы төлемді орындаушының есеп шотына сабақ басталғанға дейін бір рет жүргізеді: Алушы: ____________________________ БСН: _____________________ ЖИК: _____________________ Банк: _____________________ БИК: _____________________ Төлем мақсаты: Әскери міндеттінің А.Ә. (бар болса).Т. курстық даярлығы үшін төлем. ___________________________________.
Тармақ 4
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4.1
4.1. Орындаушының міндеттері: оқу жоспарына сәйкес теориялық және практикалық сабақты қамтамасыз ету. оқытушыларды тағайындау және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру. аттестаттаудан сәтті өткен кезде белгіленген үлгідегі сертификат беру.
Тармақ 4.2
4.2. Білім алушының міндеттері: оқу құнын уақтылы төлеу; кестеге сәйкес сабаққа келу; тәртіпті және ішкі тәртіп талаптарын сақтау; № 075/у нысандағы медициналық анықтаманы және өзге де талап етілетін құжаттарды ұсыну.
Тармақ 5
5. Тараптардың жауаптылығы
Тармақ 5.1
5.1. Шарттың талаптарын бұзған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5.2
5.2. Білім алушы курстық даярлықтан шеттетілген кезде Орындаушы төленген қаражатты қайтармай, шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 5.3
5.3. Орындаушы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамағанда немесе курсты өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатқанда, сондай-ақ көрсетілетін қызмет көлемі шартта көзделгеннен аз болғанда орындаушы қызмет көрсетуді тоқтатқан күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге қайта есептеу нәтижесі бойынша төленген қаражаттың бір бөлігін не толық сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5.4
5.4. Әскери міндетті нақты белгіленген құнмен, төлеу тәртібімен және қаражатты қайтару қағидаларымен танысқаннан кейін өтінішке қол қояды.
Тармақ 6
6. Басқа да шарттар
Тармақ 6.1
6.1. Осы Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделіп, екі тарап қол қояды.
Тармақ 6.2
6.2. Осы шартты орындау кезінде туындайтын барлық дау мен келіспеушілік келіссөз арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмегенде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қаралады.
Тармақ 7
7. Тараптардың мекенжайы мен деректемелері Орындаушы: Атауы: ________________________________________________________ Заңды мекенжайы: ______________________________________________ Телефон: ______________________________________________________ Басшының А.Ә. (бар болса).Т.: ___________________________ Білім алушы: Т.А.Ә. (бар болса): _____________________________________ Тұрғылықты мекенжайы: ________________________________________ Байланыс телефоны: ____________________________________________
Тармақ 8
8. Тараптардың қолтаңбасы Орындаушы Білім алушы _______________________ _______________________ (қолтаңбасы, А.Ә (бар болса).Т. (қолтаңбасы, А.Ә (бар болса).Т.
Басқа 3
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан
Тармақ 1
1. Жалпы мәліметтер Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: ___________________________________________ Туған күні: ____ жылғы «___» __________ Тіркелген (тұратын) жері: __________________________________ Байланыс телефоны: _____________________________________________ Әскери-есептік мамандығы: ___________________________________________ Құрамы (қатардағы/сержанттар/офицерлер): __________________________
Тармақ 2
2. Курстық даярлықтан өткені туралы мәліметтер Оқу мерзімі: 20 жылғы «__» __________ бастап 20 жылғы «__» __________ дейін Даярлау бағдарламасы: ___________________________________________ Оқу тобы/взводы: ___________________________________________
Тармақ 3
3. Қорытынды аттестаттау Өткізу күні: 20 жылғы «_ » __________ Теориялық бөлім нәтижесі: __________________________________ Практикалық бөлім нәтижесі: ___________________________________ Емтихан комиссиясының қорытындысы: ____________________________
Тармақ 4
4. Қолтаңба Емтихан комиссиясы мүшелерінің қолтаңбасы: _________________________________ Оқытуды ұйымдастыруға жауапты адамның қолтаңбасы: ______________________
Басқа 4
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан № _______ ______________________ қаласы 20 жылғы «_» __________ Емтихан комиссиясының құрамы: Төраға: ___________________________________________ Комиссия мүшелері: _________________________________________ № Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Әскери- есептік мамандығы (ӘЕМ) Әскери міндеттілер құрамы (қатардағы/сержант тар/офицерлер) Теориялық бөлім нәтижесі Практикалық бөлім нәтижесі Комиссия қорытындысы (аттестатталғаны/ аттестатталмағаны) 1. 2. 3. Комиссия төрағасы:_________________________ /қолы/(А.Ә. (бар болса) Т.) Комиссия мүшелері:_________________________ /қолы/ (А.Ә. (бар болса) Т.) _________________________ /қолы/(А.Ә. (бар болса) Т.)
Басқа 5
Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _______________________________ ЖСН: _____________________________________ Туған күні: ____ жылғы «__» __________ Әскери-есептік мамандығы: _______________________________________________ Санаты (қатардағы/сержанттар/офицерлер): _______________ Сертификат берілген күн: 20 жылғы «__» __________ М.О.