Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по району Мақаншы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақаншы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мақаншы ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мақаншы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мақаншы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Мақаншы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 қарашадағы № 27-196/VIII шешіміне қосымша Мақаншы ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Атауы Жинақталу нормасы Жылына 1 тұрғынға м3 Есептік бірлігі Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз тенге) Барлығы (ҚҚС-сыз тенге) Барлығы (ҚҚС-мен тенге) Жинау және тасымалдау Көму Сұрыптау Жайлы үйлер 1,86 Бір тұрғынға айына 364,25 109,20 - 473,45 530,26 Жайлы емес үйлер 1,96 383,83 115,07 - 498,90 558,77 Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф - 1 м3 2350,00 704,50 - 3 054,50 3 421,04