Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № ЗТ-2025-03368163 «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 2,3010 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2074 жылдың 27 қыркүйекке дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін кабельді оржолсыз тарту әдісімен жүргізсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.