О дифференцировании тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров на территории города Жанаозен Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 - бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
Тармақша 1
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде қалаішілік бағыттарға – 80 (сексен) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;
Тармақша 2
2) Жаңаөзен қаласына іргелес Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдары бағыттарына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 100 (жүз) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 150 (жүз елу) теңге;
Тармақша 3
3) Жаңаөзен қаласына іргелес Қызылсай ауылы бағытына электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу – 150 (жүз елу) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Жаңаөзен қалалық мәслихаты