О ратификации Соглашения между Республикой Казахстан и Королевством Марокко о передаче осужденных лиц Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабатта жасалған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН МАРОККО КОРОЛЬДІГІ АРАСЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі, Тараптар арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты назарға ала отырып, сотталған адамдарды оңалтуға және әлеуметтік қайта бейімдеуге жәрдемдесу мақсатында оларды беру саласындағы өзара сенім мен ынтымақтасу сот төрелігін жүзеге асыру мүдделеріне, сондай-ақ адамгершілік және адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына қызмет ететіндіктен, осындай өзара сенімге және ынтымақтасуға ниет білдіре отырып, сотталған адамдарға өз қоғамында жазасын өтеуге мүмкіндік беру арқылы бұл мақсатқа ең жақсы тәсілмен қол жеткізуге болады деп есептей отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-БАП ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР
1-БАП ЖАЛПЫ ҚАҒИДАТТАР
Тармақ 1
1. Тараптар сотталған адамдарды беру аясында барынша мүмкін болатын ынтымақтастықты осы Келісімде баяндалған шарттарда жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бір Тараптың аумағында сотталған адам осы Келісімнің ережелеріне сәйкес екінші Тараптың аумағына өзіне тағайындалған жазаны өзінің азаматтығы бар мемлекетте одан әрі өтеу мақсатында берілуі мүмкін.
Бап 2. 2-БАП АНЫҚТАМАЛАР
2-БАП АНЫҚТАМАЛАР Осы Келісімнің мақсатында:
Тармақша 1
1) "Үкім шығарушы мемлекет" адамға қатысты үкімді шығарған және тағайындалған жазаны өтеуді жалғастыру үшін оны берген немесе беруі мүмкін Тарапты білдіреді;
Тармақша 2
2) "Үкімді орындаушы мемлекет" сотталған адам тағайындалған жазаны өтеуді жалғастыру үшін аумағына берілген немесе берілуі мүмкін Тарапты білдіреді;
Тармақша 3
3) "үкім" қылмыс жасағаны үшін белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейтін түпкілікті сот шешімін білдіреді;
Тармақша 4
4) "сотталған адам" қылмысы үшін сотталған кез келген адамды білдіреді.
Бап 3. 3-БАП ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТӘРТІБІ
3-БАП ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Беру туралы сұрау салуды және оған жауапты бір Тараптың орталық органы екінші Тараптың орталық органына дипломатиялық арналар арқылы жібереді.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
Тармақша 2
2) Марокко Корольдігі үшін - Марокко Корольдігінің Әділет министрлігі орталық органдар болып табылады.
Тармақ 3
3. Әрбір Тарап орталық органдарға қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарлауға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жіберілетін сұрау салулар мен жауаптар бір мезгілде пошта арқылы жіберілген жағдайда, олар техникалық байланыс құралдарының (электрондық поштаның, факстың немесе жазба қалдыратын кез келген басқа да электрондық құрылғының) көмегімен жіберілуі мүмкін.
Бап 4. 4-БАП ТІЛ
4-БАП ТІЛ Сотталған адамды беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар Сұрау салушы Тараптың тілінде жасалып, Сұрау салынатын Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аударылуға тиіс. Сұрау салуларға жауаптар Сұрау салынатын Тараптың тілінде жасалуға және Сұрау салушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аударылуға тиіс.
Бап 5. 5-БАП ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН ЗАҢДАСТЫРУ, РАСТАУ НЕМЕСЕ КУӘЛАНДЫРУ
5-БАП ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН ЗАҢДАСТЫРУ, РАСТАУ НЕМЕСЕ КУӘЛАНДЫРУ Тараптардың орталық немесе құзыретті органдар расталған құжаттарға сотталған адамды беру рәсімінде одан әрі заңдастырусыз, төлнұсқалығын растаусыз немесе куәландырусыз рұқсат етілуге тиіс.
Бап 6. 6-БАП СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ШАРТТАР
6-БАП СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ШАРТТАР Сотталған адам осы Келісімге сәйкес мынадай шарттар сақталған кезде:
Тармақша 1
1) бұл адам Үкімді орындаушы мемлекеттің азаматы болғанда;
Тармақша 2
2) үкім түпкілікті және орындалуға тиіс болғанда;
Тармақша 3
3) сотталған адамға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығынан айыруға байланысты өзге де шара тағайындалғанда;
Тармақша 4
4) сотталуына себеп болған іс-әрекеті екі Тараптың да ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылғанда;
Тармақша 5
5) беру туралы сұрау салуды алған кезде жазаны өтеудің қалған мерзімі кемінде бір (1) жылды құрағанда берілуі мүмкін. Ерекше жағдайларда, егер сотталған адамның өтеуіне жататын жаза мерзімі осы тармақта көрсетілгеннен аз болса да, беру жүзеге асырылуы мүмкін;
Тармақша 6
6) сотталған адамның немесе сотталған адамның жасына, дене немесе психикалық жай-күйіне байланысты оның заңды өкілінің беруге жазбаша келісімі болғанда;
Тармақша 7
7) екі Тарап та беруге келіскенде берілуі мүмкін.
Бап 7. 7-БАП БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ШАРТТАРЫ
7-БАП БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ШАРТТАРЫ
Тармақ 1
1. Егер:
Тармақша 1
1) сотталған адам Үкім шығарушы мемлекеттің азаматы болса;
Тармақша 2
2) Тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес үкімнің күші жойылса, сотталған адамды беруден бас тартылады.
Тармақ 2
2. Егер:
Тармақша 1
1) Тараптардың қайсыбірі беруді өзінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, басқа да елеулі мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін немесе оның ұлттық заңнамасына қайшы келеді деп санаса;
Тармақша 2
2) Үкім шығарушы мемлекетте кез келген басқа да қылмысы үшін бұл адамға қатысты сот талқылауы жүргізіліп жатса;
Тармақша 3
3) сотталған адам Үкім шығарушы мемлекетте салынған айыппұлдарды, сот шығыстарын, өтемақыларды немесе басқа да мүліктік жазаларды өтемеген болса, сотталған адамды беруден бас тартылуы мүмкін.
Бап 8. 8-БАП БЕРУ РӘСІМДЕРІ
8-БАП БЕРУ РӘСІМДЕРІ
Тармақ 1
1. Үкім шығарушы мемлекеттің құзыретті органы сотталған адамға осы Келісімге сәйкес беру мүмкіндіктері туралы және оның құқықтық салдары туралы мүмкіндігінше тезірек хабарлауға тиіс.
Тармақ 2
2. Беру туралы сұрау салуды:
Тармақша 1
1) сотталған адам тікелей немесе өзінің заңды өкілі арқылы;
Тармақша 2
2) Үкім шығарушы мемлекет;
Тармақша 3
3) Үкімді орындаушы мемлекет беруі мүмкін.
Тармақ 3
3. Егер Үкім шығарушы мемлекет сотталған адамды беруге сұрау салса, онда ол Үкімді орындаушы мемлекетке мынадай құжаттар мен ақпаратты ұсынуға тиіс:
Тармақша 1
1) сотталған адам, оның азаматтығы және тұрғылықты жері туралы дербес деректер;
Тармақша 2
2) күзетпен ұстау және тағайындалған жазаның есепке алынуға тиіс өтелген уақыты туралы деректерді қоса алғанда, жазаның түрі, тағайындалған жаза мерзімінің басталу және аяқталу күні, сондай-ақ жазаны орындау үшін қажетті барлық басқа да ақпарат;
Тармақша 3
3) түпкілікті және орындалуға тиіс үкімнің түпнұсқасы немесе расталған көшірмесі;
Тармақша 4
4) үкім негізделген қылмыстық заңнама ережелерінен үзінді көшірме;
Тармақша 5
5) осы Келісімнің 6-бабының 6) тармақшасында көзделген беруге жазбаша келісім;
Тармақша 6
6) сұрау салу бойынша шешім қабылдауға қатысы болуы мүмкін барлық басқа да құжаттар мен ақпарат;
Тармақша 7
7) қажет болған жағдайда сотталған адамға қатысты медициналық және әлеуметтік есеп, оның Үкім шығарушы мемлекетте емделгені туралы ақпарат және кейіннен емдеу үшін ұсынымдар.
Тармақ 4
4. Егер Үкімді орындаушы мемлекет беру туралы сұрау салса, онда мыналар қамтылуға тиіс:
Тармақша 1
1) сотталған адам, оның азаматтығы және тұрғылықты жері туралы дербес деректер;
Тармақша 2
2) Үкім шығарушы мемлекетте оларға байланысты үкім шығарылған әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатынын көздейтін Үкімді орындаушы мемлекеттің тиісті заңнамасынан үзінді көшірме;
Тармақша 3
3) сұрау салу бойынша шешім қабылдау үшін маңызды болуы мүмкін басқа да құжаттар мен ақпарат.
Тармақ 5
5. Егер Үкімді орындаушы мемлекет ұсынылған ақпарат пен құжаттар жеткіліксіз деп пайымдаса, онда ол қосымша мәліметтер сұратады және оларды ұсыну үшін тиісті мерзім белгілейді.
Тармақ 6
6. Қосымша құжаттарды белгіленген мерзімде ұсыну бойынша сұрау салу орындалмаған жағдайда, беру туралы сұрау салу бойынша қолда бар ақпарат пен құжаттар негізінде шешім қабылдануға тиіс.
Бап 9. 9-БАП БЕРУ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУ БОЙЫНША ШЕШІМ
9-БАП БЕРУ ТУРАЛЫ СҰРАУ САЛУ БОЙЫНША ШЕШІМ
Тармақ 1
1. Тараптар осы Келісімге және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Тарап Сұрау салушы Тарапқа беру туралы сұрау салуды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Беруден бас тартылған жағдайда мұндай шешім дәлелді болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Беру туралы шешім қабылдау кезінде қылмыстың сипаты мен ауырлығы, қылмыс жасалған кездегі оқиғалар мен мән-жайлар, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу мүмкіндігі, сотталған адамның жасы мен денсаулық жағдайы, оның отбасылық жағдайы, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуы ескеріледі.
Тармақ 5
5. Басқа Тарапта жазаның орындалуы ешбір жағдайда сотталған адамның Үкім шығарушы мемлекеттегі болған жағдайымен салыстырғанда, оның жағдайын нашарлатпауға тиіс.
Тармақ 6
6. Егер үкім өзінің сипаты немесе ұзақтығы бойынша Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген жазаға сәйкес келмесе, бұл мемлекет өзінің ұлттық заңнамасы негізінде оны сол қылмыс үшін өзінің ұлттық заңнамасында көзделген жазаға мүмкіндігінше сәйкес келетін жазамен ауыстыруға тиіс. Жаза өзінің сипаты немесе ұзақтығы бойынша жаза Үкім шығарушы мемлекетте тағайындалған жазаны ауырлатпауға және сол қылмыс үшін Үкімді орындаушы мемлекеттің заңнамасында көзделген ең жоғары мерзімнен аспауға тиіс. Жаза Үкімді орындаушы мемлекеттің ұлттық заңнамасы бойынша осыған ұқсас қылмысқа қолданылатын жазаның кез келген ең төменгі мерзімімен шектелмеуге тиіс.
Бап 10. 10-БАП СОТТАЛҒАН АДАМНЫҢ КЕЛІСІМІ
10-БАП СОТТАЛҒАН АДАМНЫҢ КЕЛІСІМІ Үкім шығарушы мемлекет сотталған адамның беруге келісімді осы Келісімнің 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес өз еркімен және осындай берудің құқықтық салдарын толығымен түсіне отырып беруін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
Бап 11. 11-БАП СОТТАЛҒАН АДАМДЫ БЕРУ
11-БАП СОТТАЛҒАН АДАМДЫ БЕРУ Сотталған адамды беру және қабылдау орны, уақыты мен тәсілі Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша айқындалады.
Бап 12. 12-БАП БЕРУДІҢ ҮКІМ ШЫҒАРУШЫ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН САЛДАРЫ
12-БАП БЕРУДІҢ ҮКІМ ШЫҒАРУШЫ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН САЛДАРЫ
Тармақ 1
1. Сотталған адамды Үкімді орындаушы мемлекетке беру Үкім шығарушы мемлекеттің үкімді орындауын тоқтата тұруын көздейді.
Тармақ 2
2. Үкімді орындаушы мемлекет үкімнің орындалуы аяқталды деп есептеген кезде Үкім шығарушы мемлекеттің өз үкімін орындауға құқығы жоқ.
Бап 13. 13-БАП ҮКІМДІ ОРЫНДАУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ
13-БАП ҮКІМДІ ОРЫНДАУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ҮКІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ Үкімді орындаушы мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес үкімді орындауды жалғастырады.
Бап 14. 14-БАП РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ, КЕШІРІМ ЖАСАУ НЕМЕСЕ ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ БАСҚА ДА ШАРАЛАРЫ
14-БАП РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ, КЕШІРІМ ЖАСАУ НЕМЕСЕ ЖАЗАНЫ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ БАСҚА ДА ШАРАЛАРЫ
Тармақ 1
1. Әрбір Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес берілген адамға қатысты рақымшылық жасау немесе кешірім жасау актісін не жазаны жеңілдетудің басқа да шараларын қолдана алады.
Тармақ 2
2. Үкім шығарушы мемлекет қана үкімді қайта қарау туралы кез келген өтінішхат бойынша дербес шешім қабылдайды.
Тармақ 3
3. Тарптар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген шешімдер туралы бір-біріне хабарлауға тиіс.
Бап 15. 15-БАП ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ
15-БАП ҮКІМНІҢ КҮШІН ЖОЮ ЖӘНЕ ОНЫ ӨЗГЕРТУ
Тармақ 1
1. Егер беру негізделген үкім кейіннен Үкім шығарушы мемлекетте күшін жойса немесе өзгертілсе, осы мемлекет бұл туралы Үкімді орындаушы мемлекетті дереу хабардар етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген шешімнің негізінде Үкімді орындаушы мемлекеттің құзыретті органы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу туралы өз шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту туралы шешім қабылдауға тиіс.
Бап 16. 16-БАП ҮКІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
16-БАП ҮКІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Үкімді орындаушы мемлекет Үкім шығарушы мемлекетке мынадай жағдайларда, егер:
Тармақша 1
1) үкімнің орындалуы аяқталды деп есептесе;
Тармақша 2
2) сотталған адам жаза мерзімі аяқталғанға дейін қашып кетсе немесе қайтыс болса;
Тармақша 3
3) Үкім шығарушы мемлекет осындай ақпаратты сұратса, үкімді орындау туралы ақпаратты беруге тиіс.
Бап 17. 17-БАП ТРАНЗИТ
17-БАП ТРАНЗИТ
Тармақ 1
1. Тараптар өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес және өз мүдделеріне нұқсан келтірместен, екінші Тарапқа үшінші тарап берген сотталған адамның өз аумағы арқылы транзитіне рұқсат бере алады.
Тармақ 2
2. Осы мақсатпен Сұрау салушы Тарап Сұрау салынатын Тарапқа орталық орган арқылы немесе аса шұғыл жағдайларда Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (ИНТЕРПОЛ) арқылы тасымалданатын адамның жеке басы туралы ақпаратты, оның азаматтығы туралы ақпаратты және істің қысқаша мән-жайларының баяндалуын қамтитын транзитке сұрау салуды жібереді. Транзит туралы сұрау салуға адамның берілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Транзит кезінде Сұрау салынатын Тарап тасымалданатын адамды өз аумағында күзетпен ұстауға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер транзит әуе көлігімен жүзеге асырылса және транзит мемлекетінде қону жоспарланбаса, транзитке рұқсат талап етілмейді. Транзит мемлекетінің аумағында жоспарланбаған қону жағдайында транзитті жүзеге асыратын мемлекет бұл туралы транзит мемлекетін дереу хабардар етуге тиіс және транзит мемлекеті транзитке сұрау салуды күту кезінде тасымалданатын адамды он бес (15) тәулікке дейін күзетпен ұстауға тиіс.
Тармақ 5
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде транзитке сұрау салу алынбаса, егер Тараптар өзгеше туралы уағдаластыққа қол жеткізбеген болса, адам босатылуы мүмкін.
Бап 18. 18-БАП ШЫҒЫСТАР
18-БАП ШЫҒЫСТАР
Тармақ 1
1. Осы Келісімді орындауға байланысты шығыстарды Тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына және осы Келісімге сәйкес көтереді.
Тармақ 2
2. Үкімді орындаушы мемлекет:
Тармақша a
a) Үкім шығарушы мемлекеттің аумағында ғана жұмсалған шығыстардан басқа, сотталған адамды беру;
Тармақша b
b) берілгеннен кейін үкімді одан әрі орындау бойынша шығыстарды көтереді.
Тармақ 3
3. Транзитке байланысты шығыстарды транзит сұрататын Tapaп көтереді.
Бап 19. 19-БАП УАҚЫТҚА ҚАРАЙ ҚОЛДАНЫЛУЫ
19-БАП УАҚЫТҚА ҚАРАЙ ҚОЛДАНЫЛУЫ Осы Келісім адамның қашан сотталғанына қарамастан, ол күшіне енгеннен кейін алынған барлық беру туралы сұрау салуларға қолданылады.
Бап 20. 20-БАП ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ
20-БАП ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ БАСҚА ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын кез келген басқа да халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Бап 21. 21-БАП КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ
21-БАП КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕРДІ РЕТТЕУ Осы Келісімді түсіндіруге немесе іске асыруға байланысты туындайтын кез келген даулар Тараптардың орталық орган дары арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Бап 22. 22-БАП ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
22-БАП ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Келісім ратификациялануға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады және осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап бір жүз сексен (180) күн өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 5
5. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу кезеңінде басталған беру жөніндегі рәсімдер оларды толық орындағанға дейін күшінде қалады. Осыны КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды. 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында әрқайсысы қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН МАРОККО КОРОЛЬДІГІ ҮШІН 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында қазақ, араб және ағылшын тілдерінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім мәтінінің орыс тіліндегі мәтінге дәлме-дәлдігін растаймын.