Об отмене некоторых решений Рудненского городского маслихата Қолданыста
Басқа 0
Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 16 және «Мәслихаттың 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 16 «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 15 тамыздағы № 56 шешімдерінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.