О присвоении наименования улицы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көше атауын беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің А.Бекенжанов және М.Елубаев көшелерінің қиылысу аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Сембай Көптілеуовтің, А.Бекенжанов және С.Тұмышов көшелерінің қиылысу аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Маху Абдуллаевтың, І квартал аймағына - Ұлы Отан соғысының ардагері Орынжан Өмірзақовтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.