Об утверждении Правил общего водопользования в Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында ортақ су пайдалану қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі
_________________ А. Абжанов
«___» _____________ 2025 жыл
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің
Қостанай облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті» РММ басшысы
_____________________ Е. Даулетбаев
«___» ___________________ 2025 жыл
«Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің
Қостанай облысы бойынша
экология департаменті» РММ басшысы
_________________________ Т. Сабиев
«___» ____________________ 2025 жыл
«Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Г. Керибаева
«___» _______________ 2025 жыл
Басқа 3. Қостанай облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Қостанай облыстық мәслихатының
2025 жылғы «12» қаршадағы
№ 252 шешіміне
қосымша
Қостанай облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысында ортақ су пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және жеке тұлғалардың Қостанай облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;
Тармақша 3
3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;
Тармақша 4
4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес жария сервитут белгілейді.
Тармақ 7
7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурста жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитариялық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақ 9
9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.
Тармақ 10
10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;
Тармақша 2
2) су объектілерін ластау және кірлету;
Тармақша 3
3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;
Тармақша 5
5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;
Тармақша 6
6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;
Тармақша 7
7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 8
8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.