Об утверждении Правил создания и ликвидации военной кафедры (военного факультета) в организации высшего и (или) послевузовского образования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Басқа 1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 13 қарашадағы № 1594 бұйрығымен бекітілді Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) әскери кафедраны (әскери факультетті) құру және тарату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әскери кафедра (әскери факультет) – запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды (бұдан әрі – әскери даярлау) және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) әскери кафедраның (әскери факультеттің) оқу-материалдық базасы (бұдан әрі – ОМБ) – әскери даярлау үшін арналған жергілікті жер учаскелері, ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, материалдық және техникалық құралдар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Әскери кафедраны (әскери факультетті) құру тәртібі
2-тарау. Әскери кафедраны (әскери факультетті) құру тәртібі
Тармақ 3
3. Әскери кафедра (әскери факультет) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрі) шешімімен ЖЖОКБҰ немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) бастамасы бойынша құрылады.
Тармақ 4
4. Әскери кафедраны (әскери факультетті) құруға мүдделі ЖЖОКБҰ Қорғаныс министрлігіне мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
Тармақша 1
1) Қорғаныс министрінің атына өтінішхат;
Тармақша 2
2) ЖЖОКБҰ құрылтайшылары, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) немесе өзге де басқару органының құрамы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ЖЖОКБҰ-ның оны іске асыру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар даярлау бағыттары туралы мәліметтер және ЖЖОКБҰ-да іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі;
Тармақша 4
4) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген әскери даярлық бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жоспарланатын әскери даярлық бағдарламалары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығымен бекітілген Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларында (бұдан әрі – Әскери даярлық қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) көзделген ОМБ-ның болуы және дайын болуы мерзімдері туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) Әскери даярлық қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес штат кестесінің жобасы;
Тармақша 8
8) кадр құрамы бойынша ұсыныстар (бар болса).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының (бұдан әрі – ҚР ҚК БШ) ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі айқындайтын жоспарланатын әскери даярлық бағдарламалары бойынша жұмылдыру қажеттілігі болмаған кезде Қорғаныс министрлігі құжаттар топтамасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ-ның мекенжайына әскери кафедра (әскери факультет) құрудан бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді. Қорғаныс министрлігінің әскери кафедра (әскери факультет) құрудан бас тартуы ЖЖОКБҰ-ның қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Тармақ 6
6. Жұмылдыру қажеттілігі болған кезде Қорғаныс министрлігі құжаттар топтамасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ мекенжайына әскери кафедра (әскери факультет) құруға келісуі туралы жауап жібереді.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген ОМБ-ның дайын болу мерзімі өткен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде ОМБ-ның болуын және дайын болуын зерделеу үшін Қорғаныс министрлігі комиссия (бұдан әрі – комиссия) тағайындайды. ОМБ-ның дайын болу мерзімі ЖЖОКБҰ-ның бастамасы бойынша өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындалатын комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінен, төрағаның орынбасары – ҚР ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінен, комиссия мүшелері – кадр жұмысы, жауынгерлік даярлық, тыл, қару-жарақ пен әскери техника, әскери инфрақұрылым, әскери медицина мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) бас басқармалары мен басқармаларынан тағайындалады.
Тармақ 10
10. Комиссия комиссия құрамын тағайындау туралы Қорғаныс министрінің бұйрығы шыққан сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ-да ОМБ-ның болуы мен дайын болуын зерделеуге кірісуге тиіс. Комиссия үш жұмыс күні ішінде ОМБ-ның болуын және дайын болуын зерделейді, ОМБ-ның болуы және әскери даярлыққа дайын болуы туралы тиісті актіні (бұдан әрі – ОМБ-ны зерделеу актісі) жасайды. ОМБ-ны зерделеу актісі екі данада жасалады, оның біреуі ЖЖОКБҰ-да қалады, ал екіншісі әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 11
11. Комиссияның оң қорытындысы болған кезде ОМБ-ны зерделеу актісіне қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде әскери даярлықты бастау мерзімін көрсете отырып, Қорғаныс министрінің әскери кафедра (әскери факультет) құру туралы бұйрығы шығарылады. Қорғаныс министрінің әскери кафедра (әскери факультет) құру туралы бұйрығының жобасы бекітілгенге дейін уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 12
12. Егер әскери даярлық оннан аз запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы және бестен аз запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша жоспарланған жағдайда, онда әскери кафедра құрылады. Егер әскери даярлық он және одан көп запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы, бес және одан көп запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша жоспарланса, онда әскери факультет құрылады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген шарт орындалған кезде, сондай-ақ академиялық мобильділік немесе қос дипломды білім беру шеңберінде әскери қызметшілер ЖЖОКБҰ-да оқыған жағдайда әскери кафедраны қайта құру жолымен әскери факультет құрылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Қорғаныс министрінің әскери кафедра (әскери факультет) құру туралы бұйрығы шыққаннан кейін Қорғаныс министрі әскери кафедраның (әскери факультеттің) алдын ала штаттық кестесін бекітеді, ол білім алушыларды әскери даярлыққа қабылдау аяқталғаннан кейін қайта қаралады және қайта бекітіледі.
Тармақ 14
14. Теріс қорытынды кезінде ОМБ-ны зерделеу актісінде анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктер, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-мен келісілген оларды жою және ОМБ-ны қайта зерделеуге дайын болу мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 15
15. ЖЖОКБҰ анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін комиссия үш жұмыс күні ішінде қайта зерделеу жүргізеді және олар жойылған жағдайда осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес әрекет етеді.
Тармақ 16
16. Жұмылдыру қажеттілігі болған жағдайда Қорғаныс министрлігі ЖЖОКБҰ мекенжайына әскери кафедра (әскери факультет) құру туралы ұсыныс жібереді, онда:
Тармақша 1
1) ұсынылатын әскери даярлық бағдарламалары;
Тармақша 2
2) Әскери даярлық қағидаларында көзделген ОМБ-ның болуына қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) алдын ала штат кестесі жобасы;
Тармақша 4
4) әскери даярлық бағдарламалары бойынша ұсынылатын орын саны қамтылады.
Тармақ 17
17. Қорғаныс министрлігінің әскери кафедра (әскери факультет) құру туралы ұсынысын ЖЖОКБҰ алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
Тармақ 18
18. Келіскен жағдайда ЖЖОКБҰ Қорғаныс министрлігінің мекенжайына осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын жібереді. Қорғаныс министрлігі осы Қағидалардың 7 – 15-тармақтарына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Мүдделілік болмаған жағдайда ЖЖОКБҰ Қорғаныс министрлігінің мекенжайына тиісті жауап (келіспеу себептерін түсіндіре отырып) жібереді. ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедра (әскери факультет) құруға мүдделілігінің болмауы Қорғаныс министрлігінің қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Тарау 3. 3-тарау. Әскери кафедраны (әскери факультетті) тарату
3-тарау. Әскери кафедраны (әскери факультетті) тарату
Тармақ 20
20. Әскери кафедра (әскери факультет) уәкілетті органмен келісу бойынша Қорғаныс министрінің шешімімен таратылады.
Тармақ 21
21. Әскери кафедра (әскери факультет) мынадай негіздердің біреуі немесе бірнешеуі болған кезде таратылады:
Тармақша 1
1) ЖЖОКБҰ-ның әскери даярлық бағдарламаларын іске асырудан ерікті түрде бас тартуы;
Тармақша 2
2) ЖЖОКБҰ-ны тарату;
Тармақша 3
3) іске асырылатын әскери даярлық бағдарламаларының бейіні бойынша жұмылдыру қажеттілігінің болмауы;
Тармақша 4
4) ОМБ-ның Әскери даярлық қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.
Тармақ 22
22. Әскери даярлықты іске асырудан өз еркімен бас тартқан жағдайда ЖЖОКБҰ басшысы түсіндіру себептерін көрсете отырып, Қорғаныс министрлігінің мекенжайына тиісті хат, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) әскери даярлық бағдарламалары бойынша білім алушылар саны туралы мәліметтерді және оларды басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасына (әскери факультетіне) бөлу жөніндегі ұсыныстарды;
Тармақша 2
2) жұмыстан шығарылуға (ауыстырылуға, іссапарға жіберілуге) тиіс профессор-оқытушы құрамның, инженерлік-техникалық және оқу-көмекші персоналдың саны туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) Қорғаныс министрлігі бұрын әскери кафедраға (әскери факультетке) уақытша пайдалануға берген және қайтарылуға жататын материалдық мүліктің тізбесі және қайтаруға дайындау мерзімдері жіберіледі.
Тармақ 23
23. ЖЖОКБҰ таратылған жағдайда ЖЖОКБҰ қызметі тікелей тоқтатылғанға дейін бір айдан кешіктірмей осы Қағидалардың 22-тармағында мазмұндалған мәліметтерді көрсете отырып, Қорғаныс министрлігіне тиісті хат жібереді.
Тармақ 24
24. Іске асырылатын әскери даярлық бағдарламаларының бейіні бойынша жұмылдыру қажеттілігі болмаған жағдайда Қорғаныс министрлігі ЖЖОКБҰ-ның мекенжайына әскери даярлықтың аяқталған күні мен әскери кафедра (әскери факультет) бекітіліп берілген әскери бөлімге (мекемеге) материалдық мүлікті қайтаруға дайындау мерзімдері көрсетілген тиісті хат жібереді.
Тармақ 25
25. ОМБ-ның Әскери даярлық қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда (әскери даярлық сапасына мониторинг пен талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ әскери кафедралар (әскери факультеттер) бастықтарының есептік мәліметтеріне сүйене отырып) Қорғаныс министрлігі анықталған сәйкессіздіктер, ОМБ-ны белгіленген талаптарға сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ЖЖОКБҰ-ны хабардар етеді және сәйкессіздіктерді жою мерзімдерін келіседі. Сәйкессіздіктерді жою мерзімі өткен соң Қорғаныс министрлігі ЖЖОКБҰ-ға осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген комиссияны жібереді. Сәйкессіздіктер жойылған жағдайда әскери кафедра (әскери факультет) өз қызметін жалғастырады. ОМБ Әскери даярлық қағидаларының талаптарына сәйкес келтірілмеген жағдайда Қорғаныс министрлігі ЖЖОКБҰ мекенжайына әскери даярлықтың аяқталу күні мен әскери кафедра (әскери факультет) бекітіліп берілген әскери бөлімге (мекемеге) материалдық мүлікті қайтаруға дайындау мерзімдері көрсетілген хат жібереді.
Тармақ 26
26. Қорғаныс министрлігі осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген барлық жағдайда Қорғаныс министрлігі әскери кафедраға (әскери факультетке) бұрын уақытша пайдалануға берген материалдық мүлікті қайтаруды ұйымдастырады.
Тармақ 27
27. Әскери кафедра (әскери факультет) бекітіліп берілген әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) әскери бөлім (мекеме) тиісті қызметтерінің өкілдері қатарынан материалдық мүлікті қайтару жөнінде комиссия құрады.
Тармақ 28
28. Материалдық мүлікті қайтару жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі үш данадағы әскери кафедрадан (әскери факультеттен) материалдық мүлікті қайтарудың тиісті актісімен ресімделеді және оны әскери бөлім (мекеме) командирі (бастығы) бекітеді. Бір данасы ЖЖОКБҰ-да, бір данасы әскери бөлімде (мекемеде) қалады және бір данасы Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Тармақ 29
29. Материалдық мүлікті қайтару актісі Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесіне түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Қорғаныс министрінің әскери кафедраны (әскери факультетті) тарату туралы бұйрығы шығарылады. Бұйрық жобасы бекітілгенге дейін уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 30
30. Бірінші оқу жылының білім алушылары Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің шешімі бойынша басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасына (әскери факультетіне) бекітіліп беріледі. Екінші оқу жылының білім алушылар оқуды аяқтайды, ал оқуды аяқтау мүмкін болмаған жағдайда Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің шешімі бойынша басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасына (әскери факультетіне) бекітіліп беріледі. Егер басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасы (әскери факультеті) басқа өңірде орналасқан жағдайда, білім алушылар әскери даярлық бағдарламасының қалған теориялық бөлігін онлайн режимінде меңгереді.
Тармақ 31
31. Басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасына (әскери факультетіне) бекітіліп берілген білім алушылардың жеке істері тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберіледі.
Тармақ 32
32. Сақтауға жататын әскери кафедраның (әскери факультеттің) қызметтік құжаттамасы ЖЖОКБҰ мұрағатына тапсырылады. Сақтауға жатпайтын қызметтік құжаттама ЖЖОКБҰ басшысы белгілеген тәртіппен жойылады. Шектеу белгілері бар қызметтік құжаттама Қорғаныс министрлігінің әскери білім беруге жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің мекенжайына жіберіледі. Қорғаныс министрлігінің желісі бойынша түскен өзге құжаттар (бұйрықтар, қағидалар, нұсқаулықтар) Қорғаныс министрлігінің мекенжайына жіберіледі не Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша басқа ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасына (әскери факультетіне) жіберілуі мүмкін.