Об утверждении Правил создания резервата памятников археологии города Туркестана и условий их содержания Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидаларын бекіту туралы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 қарашадағы № 606-НҚ Бұйрығымен бекітілген Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру және оларды күтіп-ұстауға жағдай жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) археология ескерткіштері - тұрақтар, қалашықтар, көне кесендердің, қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, қорымдар, қорғандар, некропольдер, мегалиттік құрылысжайлар, тас мүсіндер, петроглифтер, ежелгі елді мекендердің тарихи-мәдени қабатының учаскелері және адамның өмірі мен қызметінің ізі бар өзге де орындар;
Тармақша 2
2) археология ескерткішін пайдаланушы - заңнамаға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығы оның меншік иесімен жасалатын шарт негізінде берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жекелеген археология объектілері - жекелеген бөліктер болып табылатын және (немесе) археология ескерткіштерімен байланысты жылжымайтын объектілер;
Тармақша 4
4) Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерваты (бұдан әрі - резерват) - Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасының неғұрлым осал бөлігі ретінде олардың сақталуын, тұтастығын, түпнұсқалығын қамтамасыз ету үшін айқындалатын археология ескерткіштерінің аумағы.
Тармақ 3
3. Резерват тарихи-мәдени мұраның неғұрлым осал бөлігі ретінде Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің сақталуын, тұтастығын, түпнұсқалығын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
Тарау 2. 2-тарау. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру тәртібі
2-тарау. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру тәртібі
Тармақ 4
4. Резерват археологиялық ескерткіштер орналасқан жерлерде Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады.
Тармақ 5
5. Археология ескерткіштерін және (немесе) археология объектілерін резерватқа енгізу археология ескерткіші Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Археология ескерткіштері және (немесе) археология объектілері осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес болған кезде, Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органы археология ескерткіштерінің негізінде резерват құрады.
Тармақ 7
7. Археология ескерткіштерін және (немесе) археология объектілерін резерваттан алып тастау олар физикалық тұрғыдан толық жойылған кезде Түркістан қаласының жергілікті атқарушы органының шешімімен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Археология ескерткіштерінің резерватын күтіп-ұстауға жағдай жасау
3-тарау. Археология ескерткіштерінің резерватын күтіп-ұстауға жағдай жасау
Тармақ 8
8. Резерваттың негізінде құрылған археологиялық ескерткіштерді пайдаланушысы оның жай-күйіне мониторинг жүргізуді және профилактикалық күтімді тұрақты негізде қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Резерватта археология ескерткіші мен археология объектісінің тұтастығына, олардың дизайнының, материалының, орындалуының төлнұсқалығына және оларды қоршаған ландшафтқа теріс әсер ететін жұмыс әдістерін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватына енгізілген археология ескерткіштері мен археология объектілеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстар тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырылады.