Вопросы Комитета геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнің мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің жер қойнауын қорғау және пайдалану аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармалары - мемлекеттiк мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 Қаулысымен).
Тармақша 2
2) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1278 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 15 ақпандағы N 232 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 69-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ереже
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң құрылымы
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 2
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
Тармақ 1
1. "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 2
2. "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 3
3. "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 4
4. "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті;
Тармақ 5
5. "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану өңіраралық аумақтық департаменті.