Об утверждении Правил взаимодействия уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций с органами государственных доходов и установлении формы, порядка и срока представления заключения о страховых обязательствах в отношении проверяемого налогоплательщика по соответствию требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан о страховании и страховой деятельности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын, ұсыну тәртібі мен мерзімін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы және бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы «16» қазандағы № 66 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «15» қазандағы № 609 бірлескен қаулысы мен бұйрығына 1-қосымша нысан Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ________________________________________________________ (сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының атауы) Бизнес-сәйкестендіру нөмірі_____________________________ Күні________________________ мың теңге № Сақтандыру міндетемелерінің атауы ___жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша салық төлеушінің деректері бойынша ақпарат ____ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымының деректері бойынша уәкілетті органның ақпараты Уәкілетті органның сақтандыру міндеттемелерін есептеуде, Сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде пайдаланылатын актуарлық жорамалдардың сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы қорытындысы 1 2 3 4 5 1-бөлім. Сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша сақтандыру міндеттемелері 1 Сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер, оның ішінде: 1.1 күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау 1.2 қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету 1.3 сақтандыру шартында көзделген қызметтер үшін маржа 1.4 Зиян құрауышы, оның ішінде: 1.4.1 күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау бойынша 1.4.2 қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша 2-бөлім. Туындаған зиян бойынша сақтандыру міндеттемелері 1 Туындаған зиян бойынша міндеттемелер 2 Туындаған зиян бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету 3-бөлім. Қайта сақтандыру жөніндегі активтер 1 Қайта сақтандыру жөніндегі активтер, оның ішінде: 1.1 қайта сақтандыру активі бойынша күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалау 1.2 қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша қайта сақтандыру активі 1.3 шартта көзделген қайта сақтандыру қызметтері үшін маржа 1.4 қайта сақтандыру шарттары бойынша маржа зиянын өтеу құрауышы 2 Туындаған зиян бойынша қайта сақтандыру активтері 3 Туындаған зиян бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзету бойынша қайта сақтандыру активі
Басқа 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының мерзімін белгілеу
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы «16» қазандағы № 66 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы «15» қазандағы № 609 бірлескен қаулысы мен бұйрығына 2-қосымша Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының мерзімін белгілеу
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының мерзімі (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 52-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-1-бабына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілетін талаптарға сәйкестігі бойынша тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну бойынша мемлекеттік кірістер органдары және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өзара іс-қимылының тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) қайта сақтандыру жөніндегі активтер – қайта сақтандыру шарттарынан туындайтын, есеп айырысу күніне актуарлық есеп айырысулар негізінде бағаланатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру міндеттемелеріндегі қайта сақтандырушының үлесі;
Тармақша 2
2) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды – Заңның 47-1-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесіне, сақтандыру міндеттемелерін есептеуде пайдаланылатын актуарлық жорамалдардың сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы қорытынды;
Тармақша 3
3) сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер-осы шарттар бойынша күтілетін болашақ түсімдерді шегергенде, қолданыстағы сақтандыру шарттарының қолданылу мерзімінің қалған кезеңінде болуы мүмкін болашақ сақтандыру оқиғаларына байланысты сақтандыру міндеттемелерін бағалау;
Тармақша 4
4) туындаған сақтандыру шығындары бойынша міндеттемелер - бұрын орын алған, бірақ олар бойынша сақтандыру төлемдері толық немесе ішінара жүргізілмеген сақтандыру жағдайларына байланысты туындайтын сақтандыру міндеттемелерін бағалау;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.
Тармақ 3
3. Қағидаларда қолданылатын басқа ұғымдар Заңда белгіленген мағыналарда қолданылады.
Тарау 2. 2 тарау. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну тәртібі
2 тарау. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну тәртібі
Тармақ 4
4. Салықтық тексеруді жүргізу барысында уәкілетті органға бұлтты құжат айналымы арқылы жіберілетін мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының деректемелері (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН));
Тармақша 2
2) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ұсынылатын күн;
Тармақша 3
3) сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды ұсынылған күні сақтандыру өтемінің қалған бөлігі, туындаған сақтандыру зияндары мен қайта сақтандыру активтері бойынша сақтандыру міндеттемелерінің сомалары;
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салуы бойынша осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 6
6. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыда уәкілетті орган Заңның 47-1-бабына сәйкес уәкілетті орган бекітетін сақтандыру міндеттемелерін есептеу мен сақтандыру міндеттемелерін бағалау әдістемесінде пайдаланылатын салық төлеушінің актуарлық жорамалдарына сәйкестік (сәйкессіздік) себептерін көрсете отырып, сақтандыру өтемінің қалған бөлігі бойынша міндеттемелер мөлшерлерінің сомалары, туындаған сақтандыру шығындары, қайта сақтандыру активтері бойынша мәліметтерді көрсетеді.
Тармақ 7
7. Сақтандыру міндеттемелері туралы қорытынды мемлекеттік кіріс органдарына бұлтты құжат айналымы арқылы уәкілетті орган басшысының орынбасарының қолы қойылған ілеспе хатпен жіберіледі.