Вопросы Министерства охраны окружающей среды Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берілiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырылатын Жарлыққа қол қойылған күнге сәйкес келетiн қажеттi материалдық-техникалық құралдарды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қарашадағы N 1173 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 398-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1240 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 509-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Министрлiктің ведомствосы - Табиғатты қорғауды бақылау комитетi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар.
Тармақ 5
5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Тармақ 6
6. Министрліктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
Тармақ 8
8. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 9
9. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
Тарау 2. 2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары
2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары
Тармақ 15
15. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi; қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру; өз құзыретi шегiнде меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттiк органдардың, шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтауын және орындауын қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн қалыптастыру және дамыту, қоғамның экологиялық мәдениетiн арттыру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру аясындағы саясатты әзiрлеу; мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын келiсу; мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және өңiрлiк экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша талаптарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру; экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiру; экологиялық ayдитті жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; экологиялық сақтандырудың тетiктерiн жетілдiру, қоршаған ортаға келтiрiлген қатер мен зиянды бағалау әдiснамасын айқындау; қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергіліктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестіру; белгіленген тәртiппен қоршаған ортаға әсер етудi бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнiндегi, оларды жүргiзу тәртiбiн қоса алғанда, нұсқамалық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және бекiту; қоршаған ортаны қорғау саласындағы бюджетті болжауды және индикативтiк жоспарлауды әзiрлеуге қатысу; өз құзыретi шегiнде халық санын дамыту саясатын iске асыруға қатысу; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты түсiндiру, насихаттау және тарату жөнiндегі жұмысты үйлестiру; өз құзыретi шегiнде экологиялық талаптарды, шаруашылық және өзге қызметке қойылатын стандарттар мен нормативтердi әзiрлеу және жетілдiру, сондай-ақ келiсу, оның iшiнде: қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды; атмосфераға шекті рұқсат етілетiн шығарындыларды, жер үсті және жер асты суларына төгінділердi, зиянды заттарды көмудiң және жергіліктi жердiң рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілетiн көлемдерiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етудiң нормативтерiн; қоршаған ортаның ластануы үшiн, оның iшiнде, атмосфераға шығарындылар, жер үсті және жер асты суларына төгiнділер, зиянды заттарды көму және жергiлiктi жер рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастыру үшiн төлемдер нормативтерiн белгілеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету функциялары: тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды салааралық үйлестiру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келiсiмдердi iске асыру; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестіктермен өзара iс-қимыл жасау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлерiне лицензияларды беру туралы шешiмдердi келісу; табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегi жұмысты қамтамасыз ету; табиғат пайдалануға рұқсаттарды берудi, есепке алуды және күшiн жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру; мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру; тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; құпиялылық, құпия iс жүргiзу режимiн қамтамасыз ету және өз қызметi шеңберiнде мемлекеттiк құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру жөніндегi функцияларды жүзеге асыру; жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды өткізудi ұйымдастыру және үйлестiру.
Тармақ 16
16. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану мәселелерi бойынша келiсiмдердi (меморандумдарды, декларацияларды) жасасуға;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде табиғи ресурстарды пайдалануға шарттарды (келiсiм-шарттарды) келiсуге;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нормативтерiн әрi шаруашылық және өзге де қызмет жөнiндегі экологиялық талаптарды бекiтуге немесе келiсуге;
Тармақша 4
4) үлгi ережелердi бекiтуге және өндiрiстiк мониторинг пен бақылау бағдарламасын келiсуге;
Тармақша 5
5) өз құзыретi шегiнде ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бекiтуге, сондай-ақ экологиялық бiлiм беру жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыруға қатысуға;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындауға;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыретi шегiнде қызметті жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 8
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен кәсiпорындардың iшкi аудитiн жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Mинистрліктің мүлкі
3. Mинистрліктің мүлкі
Тармақ 17
17. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсетілген өзге де мүлiктен тұрады.
Тармақ 18
18. Министрлiкке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 19
19. Министрлiктiң оған бекiтіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 20
20. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
Тармақ 21
21. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауап бередi.
Тармақ 22
22. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының (вице-министрлердiң) және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен Министрлiктiң аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес комитет төрағасының орынбасарларын, Министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртіппен Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне, Министрлiктiң ведомстволары мен аумақтық органдарының басшыларына тәртiптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрліктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрлiктің ведомстволары туралы ережелерден басқа, құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдар туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 5
5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
Тармақша 6
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының бас мемлекеттік экологиялық сарапшыларын және бас мемлекеттiк инспекторларын тағайындайды;
Тармақша 7
7) басқа мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.
Тармақ 24
24. Министрлiк жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың проблемалық мәселелерiн қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың дербес құрамын Министр бекiтедi.
Тарау 5. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Тармақ 1
1. "Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
Тармақ 2
2. "Қазаэросервис" акционерлiк қоғамы.
Тармақ 3
3. "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
Тармақ 4
4. "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1113 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерінің тiзбесi Ақмола облысы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Ақтөбе облысы
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Алматы облысы
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Атырау облысы
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Шығыс Қазақстан облысы
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Жамбыл облысы
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Батыс Қазақстан облысы
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қарағанды облысы
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қостанай облысы
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қызылорда облысы
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Маңғыстау облысы
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Павлодар облысы
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Солтүстiк Қазақстан облысы
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Оңтүстік Қазақстан облысы
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Астана қаласы
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Астана қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Тармақ 16
16. Алматы қаласы
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.