Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Темирский районный центр по делам религий среди молодежи» государственного учреждения «Темирский районный отдел внутренней политики и развития языков», финансируемых из местного бюджета Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Темір ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес Темір ауданы әкімдігінің «Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық жастар арасындағы дін істері орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.