Об утверждении Правил переоформления прав на земельные участки собственников земельных участков и землепользователей, которым права на земельный участок не могут принадлежать Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 14 қарашадағы № 427 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу тәртібі
2-тарау. Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу тәртібі
Тармақ 2
2. Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кодекске сәйкес жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар (бұдан әрі – меншік иелері мен жер пайдаланушылар) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ЖАО-ға Қағидаларға қосымшаға сәйкес жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Тармақ 4
4. Өтінішке мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары;
Тармақша 2
2) Кодекстің 23-бабының 4-тармағына сәйкес растайтын құжаттар.
Тармақ 5
5. ЖАО өтініш тіркелген сәттен бастап Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын он жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толық еместігінің және (немесе) дұрыс еместігінің анықталуы жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 7
7. Қағидалардың 6-тармағында көзделген жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, ЖАО жер учаскесінің меншік иесін және жер пайдаланушыны жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін тыңдау туралы хабарлама өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдауды ЖАО хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тыңдау нәтижелері бойынша ЖАО жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды не жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден уәжді бас тартуды ұсынады.
Тармақ 9
9. Жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеуден бас тартуға негіздер болмаған кезде, жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18267 болып тіркелген) немесе «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19437 болып тіркелген) (бұдан әрі – шарттар) сәйкес жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу туралы хабарлама жіберіледі.
Тармақ 10
10. Шарт жасасу туралы хабарламаны ЖАО табысталғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, оның ішінде телефонограммамен хабарлау арқылы, өтініште көрсетілген ұялы байланыс немесе электрондық почта каналдары бойынша қысқаша мәтіндік хабарламалар арқылы жібереді.
Тармақ 11
11. ЖАО жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу туралы хабарлама жіберілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тиісті шартты дайындайды.
Тармақ 12
12. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы шартқа қол қою туралы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартқа қол қою үшін ЖАО-ға жүгінеді. Белгіленген мерзімде шартқа қол қойылмаған жағдайда, ЖАО Қағидалардың 10-тармағында көзделген тәртіппен жер учаскесінің меншік иесін немесе жер пайдаланушыны хабардар ете отырып, өтінішті қарауды тоқтатады. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдай жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу бойынша қайта жүгінуіне кедергі келтірмейді.
Тармақ 13
13. Жер учаскесіне құқық «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20610 тіркелген) бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген тәртіппен шарт тіркелген сәттен бастап туындайды.
Тармақ 14
14. ЖАО-ның шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР ӘРПК-ның 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу туралы өтініш
Жер учаскесіне құқықтар тиесілі болмайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне құқықтарды қайта ресімдеу қағидаларына қосымша Нысан ______________________ әкіміне (кімнен) ____________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы) ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____________________________ (жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжат деректемелері ____________________________ байланыс телефоны (бар болса), орналасқан жерінің мекенжайы (заңды тұлғалар үшін) не тұрғылықты мекенжайы (жеке тұлғалар үшін)) _____________________ электрондық почта мекенжайы _____________________ Жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеу туралы өтініш Сізден Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 66-бабы 4-тармағына сәйкес және _________________________________ негізінде __________________ (қайта ресімдеу себептері) _______________________________________ арналған ____________________ (жер учаскесінің нысаналы мақсаты) (мекенжайы __________________________________________________ мекенжайы бойынша (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі) орналасқан, алаңы ________ гектар жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеуді сұраймын. Осы хабарламада көрсетілген, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді (деректерді) пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісеміз. Күні: 20___ жылғы «___» _____________ Қолы______________