Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
Тармақ 4
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Халықаралық ақпарат комитеті;
Тармақша 2
2) Инвестиция комитеті.
Министрліктің Алматы қаласында өкілдігі бар.
Тармақ 3
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Министрлігінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Министрлігінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) шетелде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;
Тармақша 9
9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) «Дамуға ресми көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомстволарға беру;
сотқа жүгіну;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;
өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қабылдау және қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;
Тармақша 2
2) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру, сондай-ақ Президент пен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру;
Тармақша 3
3) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 4
4) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 5
5) нысаналы мемлекеттер мен өңірлерге мамандандырылған зерттеулер жүргізу;
Тармақша 6
6) сыртқы саяси процестерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжау және практикалық қарсы шаралар тұжырымдау;
Тармақша 7
7) негізгі шетелдік авторлармен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан процестер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен қол жеткізген уағдаластықтарының есебін ұсыну;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, Министрліктің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін бекіту;
Тармақша 18
18) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;
Тармақша 19
19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты тұжырымдауға және жүргізуге қатысу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін елдік және әлемдік экономиканың дамуы саласында ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау;
Тармақша 21
21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 22
22) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындау органдары мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы және олардың көлемі туралы ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 23
23) халықаралық жағдайдың мониторингі және әлемдік экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы жаһандық трендтерді анықтау;
Тармақша 24
24) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жинақтау;
Тармақша 26
26) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
Тармақша 27
27) терроризмге және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағдарын іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 27-1
27-1) шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 27-2
27-2) шет елде адам саудасының құрбандары болған Қазақстан Республикасының азаматтарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, Қазақстан Республикасы таныған босқындарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 27-3
27-3) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 27-4
27-4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;
Тармақша 27-5
27-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;
Тармақша 27-6
27-6) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған, адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар ету;
Тармақша 27-7
27-7) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар ету;
Тармақша 27-8
27-8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;
Тармақша 27-9
27-9) цифрлық трансформациялауды жүргізу;
Тармақша 28
28) орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен қатынастардағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 29
29) жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 30
30) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жіберу;
Тармақша 30-1
30-1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 (1999), 1988 (2011), 1989 (2011) қарарлармен, сондай-ақ оларды дамытуға қабылданған қарарлармен құрылған комитеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жиынтық санкциялық тізбесіне дереу енгізу және (немесе) жиынтық санкциялық тізбесінен алып тастау үшін террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдар туралы ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 31
31) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы мәліметтерді жіберу;
Тармақша 32
32) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 34
34) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттар тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 36
36) өз құзыреті шегінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғауды жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсету;
Тармақша 37
37) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдемдесу;
Тармақша 37-1
37-1) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсететін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;
Тармақша 38
38) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
Тармақша 39
39) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
Тармақша 40
40) мемлекеттік қызметтер көрсету;
Тармақша 41
41) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту;
Тармақша 44
44) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру;
Тармақша 45
45)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2025 № 109 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 46
46) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындауды қайта бастау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытындылар беру;
Тармақша 48
48) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
Тармақша 49
49) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау;
Тармақша 50
50) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
Тармақша 51
51) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 53
53) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 54
54) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 55
55) Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;
Тармақша 57
57) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 58
58) Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялау үшін ұсыну;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 61
61) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 62
62) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;
Тармақша 63
63) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;
Тармақша 64
64) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау, мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар беру;
Тармақша 65
65) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою;
Тармақша 65-1
65-1) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүгінген кезде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыру;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою тәртібін әзірлеу;
Тармақша 66-1
66-1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 67
67) Қазақстан Республикасының жоғалған, ұрланған дипломатиялық және қызметтік паспортының орнына жаңасын беру үшін жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпаратты тексеру тәртібін бекіту;
Тармақша 68
68) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын жою жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын бекіту;
Тармақша 69
69) қайтып оралуға арналған куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін және қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісі мен оны қорғауға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 70
70) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматтарынан – жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда – паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою;
Тармақша 71
71) дипломатиялық поштаны жоспарлау, жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдап алу және сақтау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 72
72) дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 73
73) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдап алуды және сақтауды жүзеге асыру, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 74
74) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 75
75) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен «ад хок» дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 76
76) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 77
77) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тарту;
Тармақша 78
78) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 79
79) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 80
80) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 81
81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша болу мемлекетінде, оның ішінде форс-мажорлық жағдайлар салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты шаралар қабылдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тәртібін бекіту;
Тармақша 82
82) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 83
83) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагерлеріне ақшалай төлемдерді жүзеге асырудың қағидалары мен мөлшерін әзірлеу;
Тармақша 84
84) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 85
85) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін айқындау;
Тармақша 86
86) шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру бюджетінің қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;
Тармақша 87
87) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және жалға беру, күрделі жөндеу және ғимараттарды (құрылыстарды) жөндеу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау тәртібін бекіту;
Тармақша 88
88) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту;
Тармақша 89
89) шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша шетелде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
Тармақша 90
90) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тарту;
Тармақша 91
91) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
Тармақша 92
92) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілеу;
Тармақша 93
93) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу;
Тармақша 94
94) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;
Тармақша 95
95) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау;
Тармақша 96
96) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу;
Тармақша 97
97) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін бекіту;
Тармақша 98
98) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
Тармақша 99
99) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындау;
Тармақша 100
100) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту;
Тармақша 101
101) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
Тармақша 102
102) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асыру;
Тармақша 103
103) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асыру;
Тармақша 104
104) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
Тармақша 105
105) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
Тармақша 106
106) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
Тармақша 107
107) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 108
108) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 109
109) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекіту;
Тармақша 110
110) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 111
111) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 112
112) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 113
113) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асыру;
Тармақша 114
114) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекіту және оны іске асыру;
Тармақша 115
115) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
Тармақша 116
116) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 117
117) дамуға ресми көмек жобасына мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
Тармақша 118
118) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 119
119) мыналарды:
шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеуді;
Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 120
120) мыналарды:
шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу;
Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 121
121) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының делимитациялауға, демаркациялауға және қайта демаркациялауға байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттар жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;
Тармақша 122
122) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 123
123) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды немесе қайта демаркациялауды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;
Тармақша 124
124) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;
Тармақша 125
125) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;
Тармақша 126
126) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 127
127) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 128
128) Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 129
129) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау;
Тармақша 130
130) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;
Тармақша 131
131) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;
Тармақша 132
132) өздеріне қатысты қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 133
133) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша өздеріне қатысты қосылған құн салығын қайтару жөнінде шектеулер белгіленетін шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;
Тармақша 134
134) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелуі мен орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беру;
Тармақша 135
135) дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету;
Тармақша 136
136) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 137
137) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 138
138) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;
Тармақша 139
139) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 140
140) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 141
141) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 142
142) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;
Тармақша 143
143) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 144
144) шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 144-1
144-1) Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 145
145) консулдық мекемелердің консулдық алымды қолма-қол ақшамен қабылдауы үшін қатаң есептілік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 146
146) жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту;
Тармақша 147
147) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ шет елде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 148
148) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 149
149) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этностық қазақтарға, қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балаларына келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;
Тармақша 150
150) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;
Тармақша 151
151) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;
Тармақша 152
152) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында жұмысқа, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды ұсыну;
Тармақша 153
153) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 154
154) Министрліктің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 155
155) Министрліктің кадр резервіне енгізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 156
156) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 157
157) шет елдердегі мекемелерге жұмысқа барудан бас тарту үшін дәлелді деп танылатын себептердің тізбесін белгілеу;
Тармақша 158
158) сирек шет тілдерінің тізбесін белгілеу;
Тармақша 159
159) дипломатиялық қызмет персоналын шетелде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау;
Тармақша 160
160) құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 161
161) Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және онда тұрақты тұру үшін қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту;
Тармақша 162
162) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп, консулдық мекеме басшыларының консулдық орналасқан елде олардың жұмыскерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу қағидаларын бекіту;
Тармақша 163
163) шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Министрлікте есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
Тармақша 164
164) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу тәртібін айқындау;
Тармақша 165
165) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жөніндегі агенттікті және оларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу мүмкіндігі туралы қорытынды ұсыну;
Тармақша 166
166) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу тәртібін айқындау;
Тармақша 167
167) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 167-1
167-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 168
168) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің өкілдіктеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізілетін бажсыз сауда дүкендерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
Тармақша 169
169) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
Тармақша 170
170) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, БАҚ-ты Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
Тармақша 171
171) халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;
Тармақша 172
172) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 173
173) шет елде бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
Тармақша 174
174) өз құзыретi шегінде ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
Тармақша 175
175) мемлекеттiң оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, отандық және шетелдік БАҚ-пен, әлемнің талдамалық орталықтарымен, рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 176
176) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БАҚ материалдарын мониторингтеу мен талдау және Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;
Тармақша 177
177) отандық БАҚ-тың материалдарын мониторингтеу және талдау, Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлiмшелерiн және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;
Тармақша 178
178) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 179
179) шетелде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;
Тармақша 180
180) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 181
181) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлiк әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
Тармақша 182
182) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 183
183) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiнiң қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 184
184) Министрлiк басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау;
Тармақша 185
185) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 186
186) Министрліктің қызметін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 187
187) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 188
188) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-та тұрақты түрде жариялау;
Тармақша 189
189) Министрлiк веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 190
190) шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу;
Тармақша 191
191) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
Тармақша 192
192) Министрлiктің бейне және фотоархивін қалыптастыру;
Тармақша 193
193) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 194
194) БАҚ-та, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік БАҚ-та өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 195
195) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 196
196) қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тарту;
Тармақша 197
197) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 198
198) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
Тармақша 199
199) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 200
200) инвестиция жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалатын инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
Тармақша 201
201) инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беру;
Тармақша 202
202) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 203
203) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 204
204) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
Тармақша 205
205) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
Тармақша 206
206) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 207
207) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісім жасасу;
Тармақша 208
Тармақша 209
Тармақша 210
210) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 210-1
210-1) инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 211
211) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу;
Тармақша 212
212) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 213
213) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін бекіту;
Тармақша 214
214) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.
Тармақша 214-1
214-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 214-2
214-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
Тармақша 214-3
214-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
Тармақша 214-4
214-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 214-5
214-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
Тармақша 214-6
214-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
Тармақша 214-7
214-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 214-8
214-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
Тармақша 214-9
214-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
214-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
214-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
Тармақша 214-12
214-12) жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 214-13
214-13) дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214-14
214-14)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2025 № 109 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 214-15
214-15) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдауды дербес жүргізу;
Тармақша 214-16
214-16)
алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.02.2025 № 109 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 214-17
214-17) дипломаттық дәрежелер беру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 214-18
214-18) Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 214-19
214-19) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларын әзірлеу;
Тармақша 214-20
214-20) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214-21
214-21) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту;
Тармақша 214-22
214-22) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық (ғылыми) тұрғыдан негізделген, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 214-23
214-23) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 7-тармағына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, онымен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекіту;
Тармақша 214-24
214-24) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тәртібін әзірлеу;
Тармақша 214-25
214-25) халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
214-26) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
Тармақша 215
215) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Министрлігінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Министрлігінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Министрліктің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 17
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 5
5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 6
6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Министрліктің бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды тұлғасы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Министрлігінің мүлкі
4-тарау. Министрлігінің мүлкі
Тармақ 22
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кіріс қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Министрлікке бекiтiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25. Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Тармақ 1
1. Министрліктің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
Тармақ 3
3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 5
5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
____________________
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 55-құжат).
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 345-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 351-құжат).
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 365-құжат).