Об утверждении Положения о Комитете по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых приказов Министра иностранных дел Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже);
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Ереженің 15-тармағының 30) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
Тармақша 1
1) Ереженің 15-тармағының 6) және 7) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын әзірлеу;
7) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;»;
Тармақша 2
2) Ереженің 15-тармағының 14) және 15) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«14) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
15) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
Тармақша 3
3) Ереженің 15-тармағының 17) тармақшасын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«17) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
Тармақша 4
4) Ереженің 15-тармағының 19), 20), 21), және 22) тармақшаларын тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсін:
«19) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
20) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
21) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
22) инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;».
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 11-1-4/622 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение «Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау нысанасында Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңдармен берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Міндеті: инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізуге;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Комитет:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 4
4) сауал түскен жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынуға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) басым жобаларды іске асыру үшін инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша шетелде іс-шаралар ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшылар тарту;
Тармақша 4
4) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
Тармақша 5
5) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 6
6) жеңілдетілген инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын әзірлеу;
Тармақша 7
7) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын әзірлеу;
Тармақша 10
10) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 11
11) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 14
14) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
Тармақша 16
16) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау;
Тармақша 19
19) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
Тармақша 21
21) жеңілдетілген инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
Тармақша 22
22) жеңілдетілген инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 23
23) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша өзге де мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;
Тармақша 24
24) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 25
25) инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 26
26) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тәртібін және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу;
Тармақша 27
27) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 28
28) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 29
29) инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 30
30) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша инвестициялар туралы келісім шеңберінде салықтар жөніндегі инвестициялық преференциялар мерзімін қолдану тәртібін әзірлеу.
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитет төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Төраға жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Министрлік басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар ұсынады;
Тармақша 3
3) Министрлік Аппаратының басшысына біліктілікті арттыру, Комитет персоналын көтермелеу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитет персоналын іссапарға жіберу мәселесі бойынша жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) өзінің құзыреті шегінде Комитет басқару органы болып табылатын Комитет және ұйымдар қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан шығады;
Тармақша 8
8) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды қабылдау бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді
Тармақша 10
10) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
Тармақша 11
11) заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитет мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2025 жылғы 23 қазандағы
№ 11-1-4/622 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығы.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 11-1-4/336 бұйрығы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 11-1-4/33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 11-1-4/263 бұйрығы.