Об установлении ставок арендной платы за использование памятников истории и культуры местного значения, находящихся на территории города Астаны Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту, ұлттық жобаларды, дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-13-бабы 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жариялануға жатады және 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері
Астана қаласы маслихатының 2025 жылғы 12 қарашадағы № 340/45-VIII шешіміне қосымша Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері
Тармақ 1
1. Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алудың қолданыстығы мөлшерлемелері (бұдан әрі – жалға алу мөлшерлемелері) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес белгіленеді және Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерін пайдану үшін жалға алу мөлшерлемелерін анықтайды.
Тармақ 2
2. Жалға алу мөлшерлемелері Астана қаласының республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылуын және жалға алу алаңын ескере отырып айқындалады. Р/с № Та­рих және мә­де­ни­ет ес­керт­кіш­те­рі­нің түр­ле­рі Жал­ға алу ақы­сы­ның мөл­шер­ле­ме­ле­рі 1 шар­шы метр­ге ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­те­рін­де (ай сай­ын) 1. Қа­ла құ­ры­лы­сы және сәу­лет ес­керт­кіш­те­рі 1,0 2. Ар­хео­ло­гия ес­керт­кіш­те­рі, ан­самбль­дер мен ке­шен­дер, ки­е­лі объ­ек­ті­лер 0,8 3. Мо­ну­мент­тік өнер құ­ры­лы­ста­ры 1,0 Ескерту: Астана қаласының аумағында орналасқан жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады. Жалға алу ақысының мөлшерлемелері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады. ____________________________