Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 тіркелген) сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Қазалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «12» қарашадағы № 201 қаулысына қосымша Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға көрсетуге арналған тарифтер № Мекемелердің түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге 1. Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған) 10587 теңге (8 сағат) 2. Үйден қызметтер көрсету жағдайында 3646,07 тенге (бір қызмет алушыға)