Об утверждении Положения о республиканском государственном учреждении «Комитет искусственного интеллекта и управления данными Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті туралы» (бұдан әрі - Ереже) республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 278/НҚ бұйрығының;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіның 5 тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлiгiнiң Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 40, 54) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы « » № бұйрығымен бекiтілген «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) іске асырушылық функцияларын жүзеге асыратын жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларындағы реттеушілік функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілетін болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/5 ғимарат.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Комитеттің міндеттері:
Тармақша 1
1) жасанды интеллект саласын қалыптастыру және олардың дамуын қамтамасыз ету, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру (бұдан әрі – реттелетін салалар);
Тармақша 2
2) жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) жасанды интеллект, электронды өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық технологиялар дамыту үшін жағдайлар жасау.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Комитет құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 4
4) өз қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы хабардарлығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 8
8) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 10
10) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;
Тармақша 11
11) қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат беруге қатысады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Комитеттің функциялары:
Тармақша 1
1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) реттелетін саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) реттелетін саласындағы сараптама кеңесінің құрамын және оның қызметі туралы ережені бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) реттелетін саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын реттелетін саласындағы дамыту бөлігінде келісу бекіту жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) реттелетін салаларда консультативті-кеңестік органдардың қызметін ұйымдастырады қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың реттелетін салалар бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;
Тармақша 8
8) Ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен реттелетін салалар мәселелерін қамтитын технологиялық меморандумдар жасасу;
Тармақша 9
9) әзірлеуші Комитет болып табылатын немесе өз құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізу;
Тармақша 10
10) жасанды интеллект, электронық өнеркәсіп, цифрлық активтер және ақпараттық техноллогиялар бойынша оның ішінде халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныстарды әзірлейді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды құзыреті шегінде әзірлеуді қамтамасыз ету және оны ілгерілетуді жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) қолданыстағы инвесторлардың құзыреті шегінде қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) бірлескен өндірістер құру үшін құзыреті шегінде инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) өз құзыреті шегінде қосылған құнның жаһандық тізбегіне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тартуды қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау Қағидаларын әзірлеу рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша;
Тармақша 16
16) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 17
17) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді есепке алу және тіркеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 18
18) цифрлық майнерлер мен цифрлық майнинг пулдарының кірістері туралы мәліметтерді оларды салық салу мақсаттары үшін ұсыну қағидаларын әзірлеу салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша;
Тармақша 19
19) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;
Тармақша 20
20) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 21
21) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау;
Тармақша 22
22) цифрлық майнинг пулдарын аккредиттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 23
23) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;
Тармақша 25
25) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
Тармақша 26
26) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 27
27) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;
Тармақша 28
28) цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен тізілімін жүргізеді;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының Цифрлық активтер саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
Тармақша 30
30) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;
Тармақша 32
32) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;
Тармақша 33
33) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың біріздендірілген жұмыс орнына немесе терминалдық жүйесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің құрауыштарын біріздендіру жөніндегі талаптарды әзірлейді;
Тармақша 34
34) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді;
Тармақша 35
35) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 36
36) электрондық өнеркәсіп саласында салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 37
37) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 38
38) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 39
39) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 40
40) импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 41
41) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын, оның ішінде қызметтерді көрсету және олардың құнын айқындау тәртібін әзірлеу;
Тармақша 42
42) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің үйлестірілуін жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін әзірлеу;
Тармақша 44
44) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 45
45) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 46
46) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 47
47) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 48
48) Комитеттің құзыреті шегінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту бойынша ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;
Тармақша 50
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қалыптастыру;
Тармақша 51
51) реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық ұйымдар мен шетел мемлекеттерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін ұсыну;
Тармақша 52
52) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 53
53) «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту;
Тармақша 54
54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесін және өз өндірісінің өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 55
55) әлеуетті инвесторлармен, оның ішінде шетелдік инвесторлармен оларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздеу және келіссөздер жүргізу;
Тармақша 56
56) инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін тарту;
Тармақша 57
57) өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдік жобаларда шетелдік мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы тарату;
Тармақша 58
58) Ұлттық инновациялық жүйенің «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесін басқаруды, жүргізуді, сүйемелдеуді, жұмыс істеуін және пайдалануды қамтамасыз ету;
Тармақша 59
59) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі Комитет төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3
3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін конкурстық құжаттарды бекітеді, техникалық ерекшеліктерді бекітеді, Министрліктің мемлекеттік сатып алу жоспарларын келіседі, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, азаматтық-құқықтық мәмілелер туралы шарттарға қол қояды, берілген (көрсетілген) қызметтер, тауарлар жұмысы актілерін бекітеді;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 8
8) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 9
9) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсынады;
Тармақша 11
11) Комитеттің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізуі үшін Министрге ұсынылатын бюджеттік өтінімдерді Министрліктің аппарат басшысына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Комитеттің қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрліктің аппарат басшысының бекітуіне енгізеді;
Тармақша 13
13) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
Тармақша 14
14) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 15
15) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапкершілікте болады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке иелік етуге құқығы бар. Комитеттің мүлкі оған иесі өткізген мүлік есебінен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден құралады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгесі белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе оған басқадай жолмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.