«Об утверждении тарифовна оказание специальных социальных услуг» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде көрсетілетін қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Аққулы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы әділет органына хабардар етсін; осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының филиалына жіберілуін қамтамасыз етсін; осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сала және экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Аққулы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «07» қараша № 1-16/288 қаулысына қосымша Бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердіңтүрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Ай сайын бір қызмет алушының тарифі (теңге) 1. Үйде қызмет көрсету жағдайында 3563,92 67597,47