Об утверждении Правил сенокошения на территории Алакольского государственного природного заповедника, для нужд местного населения Қолданыста
Басқа 0
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу
қағидаларын бекіту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу
қағидалары
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2025 жылғы 1 қарашадағы
№ 297 бұйрығымен
бекітілген
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін шөп шабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – қорық) аумағында шөп шабуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) орман пайдалану – орман ресурстарын және орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық регламенттелген қызмет;
Тармақша 2
2) орман пайдаланушы – Қазақстан Республикасы Орман кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгілеген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақ 3
3. Қорық аумағындағы мемлекеттік орман қорының шөп шабуға арналған учаскелері қысқа мерзімді орман пайдалануға – орман билеті негізінде беріледі.
Тармақ 4
4. Шөп шабу мемлекеттік орман қорын қорғау және сақтау талаптарына сәйкес, Кодекстің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12351 болып тіркелген) бекітілген ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қорық аумағында мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу үшін пайдалану тәртібі
2-тарау. Қорық аумағында мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу үшін пайдалану тәртібі
Тармақ 5
5. Шөп шабу Қазақстан Республикасының экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, бөлінген учаскелерде қорықпен ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Шөп шабу кезінде:
Тармақша 1
1) өсімдік қалдықтары мен қоқысты өртеу;
Тармақша 2
2) белгіленген жолдардан тыс көлік құралдарын пайдалану;
Тармақша 3
3) сирек және қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету орындарын бұзуға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Қорық экологиялық заңнаманың сақталуын бақылауды және шөп шабуға арналған учаскелерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Қорықтың сыртқы шекарасынан 60 шақырым радиуста орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындары, егер оларға мемлекеттік орман қоры учаскелерінен шөп шабуға жерлер қажет болса, учаске беру туралы еркін нысандағы өтінішпен қорға жүгінеді.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу жүргізуге болатын алаңдар жыл сайын шөп шабу маусымы басталғанға дейін орман орналастыру материалдары негізінде нақтыланып, жергілікті жерде көрсеткіш белгілермен белгіленеді.
Тармақ 10
10. Шөп шабу үшін осы мақсатқа жарамды және мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін алқаптар бөлінеді, сондай-ақ орманмен көмкермеген, орманның табиғи қалпына келуі көзделмеген алаңқайлар мен басқа да учаскелер пайдаланылады.
Тармақ 11
11. Қорық «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығымен (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10676 болып тіркелген) бекітілген қағидаларға сәйкес орман билеттерін рәсімдеп, орман пайдаланушыларға шөп шабу үшін учаскелерді береді.
Тармақ 12
12. Шөп шабу орман билеттерінде көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі. Бір орман пайдаланушыға берілетін учаске көлемі он гектардан аспауға тиіс. Берілген учаскелерде құрылыс жүргізуге және объектілер орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік орман қорының шөп шабуға арналған учаскелерін пайдалану Кодекстің 39–41-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұрады, шектеледі немесе тоқтатылады.
Тармақ 14
14. Қорық өз құзыреті шегінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін шөп шабу үшін беруде ашықтық пен заңдылық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.