Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера на территории поселка Индербор Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Индербор кенті аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағының 9) тармақшасын, 37-бабының 3-тармағын, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 4- бабының, 3-тармағының 2) тармақшасын, 15-бабының 3-тармағының 17) тармақшасын және 48-бабын, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығын, Индер ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 23 қазандағы № 8 хаттамасын, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының Индер газ шаруашылығының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 63 хатын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТТІМ:
Тармақ 1
1. Индербор кенті аумағында жергілікті ауқымды техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау кент әкімінің орынбасары К.Нуриевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.