О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акциздеуге жататын тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциздердiң ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1747 қаулысының 1-қосымшасындағы 1-баған "Спирттiң барлық түрi" деген сөздерден кейiн "/тауар өндiрушiде осындай өнiмдi шығару құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда ликер-арақ бұйымдарын, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар, шарап, бальзам жасауға босатылатындарынан басқа/" деген сөздермен толықтырылсын; 📌 ЕСКЕРТУ. Қаулының соңғы абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.30. N 907 қаулысымен.