Об утверждении Правил установления стимулирующих надбавок к должностным окладом работников коммунального государственного учреждения «Центр эффективного развития города Актобе» государственного учреждения «Аппарат акима города Актобе» финансируемых из местного бюджета Қолданыста
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
"6" 11 2025 жылғы
№ 2323 қаулыға
Қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласын тиімді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі-орталық) қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды (бұдан әрі-ынталандырушы үстемеақылар) белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы, және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекітеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 - бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы-қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасы мен жағдайларына, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдерге байланысты еңбегі үшін сыйақы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік басқару органы - Ережеге сәйкес орталықтың уәкілетті органы болып табылатын тиісті саладағы мемлекеттік мекеме.
Тармақ 4
4. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
Тарау 2. 2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
2 тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу тәртібі
Тармақ 5
5. Мемлекеттік басқару органы ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік өтінімді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемеақыларын төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті Ақтөбе қаласының жергілікті бюджетінен бюджет қаражатын көздейді бюджет жобасын Ақтөбе қаласының мәслихатына жібереді.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілегеннен кейін Орталық басшысы қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақылар төлеу туралы бұйрық шығарады.
Тармақ 8
8. Орталық басшысы Еңбек және/немесе атқарушылық тәртіпті бұзған жағдайда, өз қызметкерлерінің ынталандыру үстемесінің мөлшерін жеке тәртіппен қайта қарауға құқылы.
Тармақ 9
9. Ынталандырушы сыйлықақылар төленбейді:
Тармақша 1
1) қызметкер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
Тармақша 2
2) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу шарттары
Тармақ 10
10. Ынталандырушы үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру және білікті кадрлар құрамын сақтау мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.
Тармақ 11
11. Осы қаулыда көрсетілген орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 "органдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандырушы төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен".
Тармақ 12
12. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстеме ақылар, үстеме ақылар және т.б.).
Тармақ 13
13. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Орталық қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақыларды төлеуді қаржыландыру көзі Ақтөбе қаласының жергілікті бюджеті болып табылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік басқару органы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысының ұсынысы негізінде ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылардың мөлшерін белгілейді.