Об утверждении Правил регистрации иммигрантов в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасында
көшіп келушілерді тіркеу тәртібі
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 17 қарашадағы
№ 923
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында
көшіп келушілерді тіркеу тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Тармақша 2
2) көшіп келушіні тіркеу - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көшіп келушінің уақытша болатын жері мен мерзімі туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеде белгілеуі;
Тармақша 3
3) көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ «электронды үкімет» шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі.
Тармақша 4
4) уақытша болатын (тұратын) жер - тұрғылықты жер болып табылмайтын және адам уақытша болатын (тұратын), мекенжайы бар ғимарат, үй-жай не тұрғынжай.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасына тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге болу тәртібі белгіленген мемлекеттерден келетін көшіп келушілер, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отызыншы күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге жатады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркеу үшін көшіп келуші КҚП АЖ-ға мынадай мәліметтерді енгізеді: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, төлкұжат деректері, болуға (тұруға) орын ұсынатын адамның деректері, уақытша болатын (тұратын) мекенжайы.
Деректерді енгізгеннен кейін болуға (тұруға) орын ұсынатын адам мобильді қосымшада көшіп келушіні тіркелгені туралы хабарлама алып, оның болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуіне келісім береді не тіркеуден бас тартады.
Болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу расталғаннан кейін көшіп келушінің КҚП АЖ жеке кабинетінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тіркеу туралы анықтама қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Көшіп келушіні КҚП АЖ тіркеуден бас тартудың негіздері:
Тармақша 1
1) тіркеу үшін көшіп келуші ұсынған мәліметтердің дұрыс еместігін анықтау;
Тармақша 2
2) көшіп келушінің Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуы;
Тармақша 3
3) болу (тұру) орнын ұсынған адамның өтініш берілген мекенжайы бойынша көшіп келушіні тіркеуден бас тартуы.
Тармақ 5
5. Көшіп келуші мекенжайын өз бетінше өзгерткен жағдайда бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіпте жаңа болу (тұру) мекенжайы бойынша тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жаңа болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу кезінде бұрынғы мекенжайынан шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасында көшіп келушілерді болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерде, шипажайларда, сондай-ақ адамдардың тұруы үшін пайдаланатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасынында
көшіп келушілерді тіркеу
қағидаларына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Министерство внутренних дел Республики Казахстан
Тіркеу туралы анықтама
Справка о регистрации
өтініш нөмері (генерируется системой порядковый номер)
номер заявления
тегі аты әкесінің аты (бар болса)
фамилия имя отечество (при наличии)
төлкұжаттың сериясы мен нөмері:
серия и номер паспорта:
азаматтығы: гражданство:
ҚР болатын (тұратын) мекенжайы:
адрес пребывания (проживания) в РК:
тұру мерзімі:
сроки пребывания (проживания):
Қабылдаушы тұлғаның ЖСН
ИИН принимающего лица
Қабылдаушы адамның тегі аты әкесінің аты (бар болса)
фамилия имя отчество (при наличии) принимающего лица
QR - КОД