Об образовании штаба и утверждении положения Межведомственного штаба по координации деятельности государственных органов по профилактике наркомании и противодействию наркопреступности при акимате Костанайского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі штаб құру және ведомствоаралық штабтың ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес құрамда Қостанай ауданы әкімдігінің жанынан мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес Қостанай ауданы әкімдігінің жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қостанай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы «Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс - қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөнінде ведомствоаралық штаб құру туралы» № 242 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың (бұдан әрі - Штаб) құрамы:
Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «___» қарашадағы № _____ қаулысына 1 - қосымша Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың (бұдан әрі - Штаб) құрамы: Қостанай ауданы әкімі, Штаб басшысы; Қостанай ауданы әкімінің құқық қорғау қызметінің бағытына жетекшілік ететін орынбасары, Штаб басшысының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Қостанай ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) бастығы, Штаб басшысының орынбасары (келісім бойынша); «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Штаб хатшысы. Штаб мүшелері: Қостанай ауданының прокуроры (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша), «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ басшысы, Қостанай ауданы әкімдігінің «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, Қостанай ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қостанай ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Қостанай ауданы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы, Қостанай ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ басшысы (келісім бойынша), «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - КМК) бас дәрігері (келісім бойынша), Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК басшысы.
Басқа 7. Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық штабтың ережесі
Қостанай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «___» қарашадағы № _____ қаулысына 2 - қосымша Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ведомствоаралық штабтың ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб (бұдан әрі - Штаб) Қостанай ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы консультативтік - кеңесші органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Штаб қызметінің негізгі мақсаты нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясатты, өңірлік есірткіге қарсы жоспарларды, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың және Қостанай облысы әкімдігі жанындағы есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл.
Тармақ 3
3. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Штаб тұрақты негізде әрекет етеді.
Тармақ 5
5. Штаб әкімнің қаулысымен құрылады және таратылады.
Тармақ 6
6. Штаб өз құзыреті шегінде Штаб хаттамасымен ресімделетін қорытынды жасайды, ұсынымдар әзірлейді.
Тармақ 7
7. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) Штаб қызметін материалдық - техникалық, ақпараттық - аналитикалық, ұйымдастырушылық - құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Әкім Штабтың басшысы болып тағайындалады. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» ММ Штабтың жұмыс органы болып тағайындалады. Штаб құрамына аумақтық бөлімшелер басшысының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар, есірткіге қарсы қызметті іске асыруға қатысатын аумақтық бөлімшелердің, мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) лауазымды адамдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшы лауазымды адамдары енгізіледі. Әкімдіктің шешімі бойынша өзге де лауазымды тұлғалар, азаматтар және қоғам өкілдері Штаб мүшелері бола алады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері мен функциялары
2. Негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 9
9. Штабтың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ведомствоаралық көзқарасты, мемлекеттік басқару органдарының тапсырмаларын, сондай-ақ Мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штаб шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) нашақорлықтың алдын алудың практикалық шараларын әзірлеу, есірткіге қарсы иммунитетті, жергілікті халықтың әр түрлі мақсатты топтарында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру;
Тармақша 3
3) үкіметтік емес сектордың әлеуетін жұмыс жасауға, мемлекеттік есірткіге қарсы саясатты, кейбір профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға тарту;
Тармақша 4
4) өңірдегі есірткі қылмысы ахуалының өзгеруіне қатысты ақылға қонымды іс-қимыл шараларын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) есірткіге қарсы қызмет барысына бақылауды және аралық мониторингті, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органға жыл сайынғы есептік ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, нашақорлықтың алдын алу және есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен әлеуметтік оңалту саласында қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында қызметін үйлестіруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 8
8) өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, халықта есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитет қалыптастыруға бағытталған қосымша шаралар әзірлеу.
Тармақ 10
10. Штабқа жүктелген міндеттерге сәйкес оның функциялары:
Тармақша 1
1) Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың, Қостанай облысы әкімдігі жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтың тапсырмаларын орындауға ведомствоаралық тәсілді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың есірткіге қарсы саладағы қызметін бағалау, оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджет қаражаты есебінен есірткіге қарсы бағытындағы іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресуге бағытталған іс-шараларды іске асыру және бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы органдардың құзыреті бөлігінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес желісі бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс іс-шараларына талаптардың сапалы дайындалуын ұйымдастыру, әр түрлі мемлекеттік органдардың бағыттары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын қайталанатын іс-шараларды болдырмау;
Тармақша 7
7) өңір аумағында есірткі құралдарын және психотроптық заттарды заңсыз таралуымен байланысты қылмыстың жай-күйіне, динамикасына, құрылымына және деңгейіне талдау жасау, оның ішінде есірткі, психотроптық заттарды, соларға ұқсас заттарды шектен тыс пайдалануды азайтуға байланысты есірткіге қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) есірткі және психотроптық заттармен, соларға ұқсас заттармен байланысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту шараларының кешенді жүйесін әзірлеуге, ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 9
9) аумақтарда денсаулық сақтау органдарында есепке қойылған есірткіге тәуелді адамдарды оңалту проблемаларын шешуге көмек көрсету;
Тармақша 10
10) халық арасында, бірінші кезекте кәмелетке толмағандар арасында есірткіге қарсы идеология жүйесін құру мен іске асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен, денсаулық сақтау, мәдениет органдарымен, ғылым және білім беру мекемелерімен, мәдениет және адамгершілікті қалыптастыру саласында жұмыс жасайтын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу;
Тармақша 11
11) өңірдегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимыл жасасу, олардың нәтижелерін өз қызметінде пайдалану мақсатында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемаларын зерттеуге бастамашылық ету.
Тарау 3. 3. Штаб қызметін ұйымдастыру
3. Штаб қызметін ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Штабтың құрамы, Штабтың ережесі әкімдіктің тиісті шешімімен бекітіледі.
Тармақ 12
12. Штаб тоқсанына кемінде бір рет кезекті отырыстар өткізеді. Кезектен тыс отырыстар Штаб басшысының немесе Штаб мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамының бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 13
13. Штаб шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Штаб мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Штаб басшысы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Штаб мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, бұл пікір айтылған кезде жазбаша түрде баяндалып, Штаб отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
Тармақ 15
15. Штаб отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша Штаб басшысының қолы қойылатын хаттама жасалады.
Тармақ 16
16. Штаб өз қызметін жартыжылдық жұмыс жоспарларының негізінде ұйымдастырады. Жоспар Штаб мүшелерінің ұсыныстары бойынша құрылады және оны Штаб басшысы бекітеді.
Тармақ 17
17. Штаб отырыстарында қарауға жоспарланатын мәселелер тізбесі бар бекітілген жоспар Штаб мүшелеріне жіберіледі.
Тармақ 18
18. Жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру, сондай-ақ қосымша мәселелерді қосу туралы шешімді Штаб басшысы Штаб басшысының орынбасары не Штабтың жұмыс органы ұсынатын негіздеме - анықтаманың негізінде қабылдайды.
Тармақ 19
19. Штабтың отырыстары ашық болып табылады және мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Отырыс оған Штаб мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Штаб мүшелері отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 21
21. Штаб отырыстарына қажет болған жағдайда Штаб басшысымен келісілген тізбе бойынша басқармалар мен ведомстволардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысады. Штаб отырыстарына шақырту бойынша мәслихаттардың депутаттары, әкімдер, басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, өзге тұлғалар қатыса алады.
Тармақ 22
22. Штаб отырысында қарауға дайындалған материалдарды мемлекеттік органдар отырыстың болатын күнінен бес күнтізбелік күн бұрын мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде Штабқа енгізеді. Хатшы күн тәртібінің жобасын жасайды, оны Штаб басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді, күн тәртібін тиісті материалдармен бірге отырысқа шақырылғандардың тізіміне сәйкес Штаб мүшелеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға жолдайды. Штаб отырыстары Штаб басшысының тапсырмасы бойынша шұғыл түрде өткізілген ерекше жағдайларда материалдар Штабқа өткізетін күні енгізіліп отырыс қатысушыларына тікелей отырыста жеткізілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Штаб отырысының хаттамасы отырыс аяқталған күннен бастап бір күн мерзімде жасалып, Штаб басшысы қол қойғаннан кейін орындау үшін Штаб мүшелеріне жолданады.
Тармақ 24
24. Хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылауды Жұмыс органы қамтамасыз етеді. Штабтың іс-қағаздарын әкімдік жеке жүргізеді.
Тарау 4. 4. Штабтың басшысы
4. Штабтың басшысы
Тармақ 25
25. Штабтың басшысы:
Тармақша 1
1) Штаб қызметінің ұйымдастыруын қамтамасыз етеді және оның қызметіне басшылық етеді, Штаб отырыстарына төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Штабтың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 3
3) Штаб шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды ұйымдастырады және онымен жүргізілетін қызметке жауап береді. Басшы болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары орындайды;
Тармақша 4
4) қалалардың және аудандардың мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастырады, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық бірлестіктермен нашақорлыққа қарсы күресті және есірткіге қарсы үгіттеуді күшейту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және үкіметтік емес органдармен және азаматтармен Штабтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) уәкілетті мемлекеттік органға нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, есірткіге қарсы қызметтің қосымша шаралары бойынша ұсыныстарды енгізеді;
Тармақша 8
8) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Штабтың жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Штабтың іс-қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 2
2) Штабтың отырыстарын ұйымдастырушылық қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Штабтың отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттарды, материалдарды жинап, пысықтауын жүзеге асырады және ол өткізілгеннен кейін хаттамасын ресімдейді;
Тармақша 4
4) Штаб мүшелеріне отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын барлық қажетті құжаттарды жолдайды;
Тармақша 5
5) Штаб мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес жұмыс жоспарларын келісуге және Штаб Басшысына бекітуге енгізеді;
Тармақша 6
6) Штаб шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізеді;
Тармақша 7
7) Штаб қызметі туралы мәліметтер дайындайды және уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
Тарау 5. 5. Штабтың құқықтары мен міндеттері
5. Штабтың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 27
27. Штаб:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан салалық бағдарламаның, өңірлік жоспарлардың жүзеге асыру барысы туралы және өзге де қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда өңірдегі есірткі ахуалын талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, үкіметтік емес ұйымдарды тартуға;
Тармақша 3
3) Штабтың отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларын Штабтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;
Тармақша 4
4) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру бойынша қызметке қатысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) мәслихат сессияларының қарауына нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында тиісті мәселелерді енгізуге;
Тармақша 6
6) жергілікті бюджеттен қажетті қаржыландыруды ескере отырып, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасаудың өңірлік жоспарларын әзірлеуге;
Тармақша 7
7) уәкілетті органға нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 8
8) Штаб құзыретіне жататын өзге құқықтарды іске асыруға құқылы.
Тармақ 28
28. Штаб Штабтың жұмыс жоспарларының, хаттамалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 6. 6. Штабтың қызметін бағалау
6. Штабтың қызметін бағалау
Тармақ 29
29. Штабтың тиімділігін бұдан әрі арттыру мақсатында оның қызметіне мынадай көрсеткіштер бойынша жыл сайынғы бағалау ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) өңір аумағындағы тегін спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің саны;
Тармақша 2
2) психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдары, есірткі қылмыстарын оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық аспектілері туралы өсіп келе жатқан ұрпақ пен олардың ата-аналарының хабардар болуына бағытталған құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» саясатын түсіндіру бойынша ақпараттық есірткіге қарсы кампаниялардың саны*;
Тармақша 3
3) есірткіге қарсы жүргізілген профилактикалық акциялардың саны**;
Тармақша 4
4) есірткіні шамадан тыс тұтынып жүрген бірінші рет анықталған адамдар санының көбеюі (қоғамның есірткіленуінің толық көрінісін қамтамасыз ету және статистикалық деректерді бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатында);
Тармақша 5
5) есепте тұрған денсаулық сақтау мекемелерінде диспансеризациядан өткен есірткіге тәуелділігі бар адамдар санының азаюы (оның ішінде: әйелдер үлесінің төмендеуі; кәмелетке толмағандар үлесінің төмендеуі);
Тармақша 6
6) нашақорлықтың профилактикасына белсенді қатысатын есірткіге қарсы бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың саны;
Тармақша 7
7) жойылған есірткі зертханаларының және ҰҚТ саны;
Тармақша 8
8) есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында анықталған құқық бұзушылықтардың саны;
Тармақша 9
9) есірткіні пайдалануға үгіттеу және жарнамалау, оның ішінде Интернет желісінде (бұғатталған сайттар, граффити-суреттерді жою, ҚК 299-1 бабы және т.б.), сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын ақпараттық жүйелерді пайдалану (оның ішінде IT-мамандарды, этикалық бұзу мамандарын («ақ хакерлерді») тарта отырып) саласында сандық көрсеткіштер;
Тармақша 10
10) есірткіге қарсы жүргізілетін жұмысқа халықтың қанағаттануына қатысты әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері;
Тармақша 11
11) нақты мектептер санынан нашақорлықтың және мінез-құлықтық аурулардың алдын алу бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын жалпы білім беру мекемелерінің саны;
Тармақша 12
12) нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен мамандардың саны. Ескертпе: *Ақпараттық есірткіге қарсы кампаниялар – әр түрлі мақсатты (жас санаты, субмәдениет, халықтың әлеуметтік топтары және т.б.) аудитория арасында түсіндірме жұмысын жүргізуге бағытталған қабылдауға жеңіл тақырыбымен («отбасылық құндылықтарды нығайту», «өмірде қалай жетістікке жету», «жасөспірімдік шақ проблемалары», «өзіңмен бірдей» жасөспірімдермен сұхбаттасу алаңы», «құрдастар арасында қалай «ерекшеленіп» бөлінбеу», «анонимдік, консультативтік сенім телефондары» және т.б.), әрбір кампанияға салауатты өмір салтын насихаттауға, тұрақты есірткіге қарсы иммунитетті жаттықтыруға, сондай-ақ жастарды есірткі ортасына тарту фактілерін азайтуға бағытталған буклеттерді, пилондарды, билбордтарды, аудио- бейне роликтерді, теле- радиоэфирлерді, подкасттарды (Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып) шығару. **Есірткіге қарсы акция – кемінде 250 адамның қатысуымен.