О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации по Аулиекольскому району Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданы бойынша 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Әулиекөл ауданы бойынша корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.