Об утверждении размера платы за один кубический метр питьевой воды, поданной из систем водоснабжения, включенных в перечень систем водоснабжения, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию по Карагандинской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген), Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшері – 150 теңге болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 180 «Қарағанды облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27796 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақтың күші 2026 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.