О резервировании земельных участков для расширения государственного природного заповедника «Устюрт» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі №943 қаулысына және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Маңғыстау облысы Қарақия ауданында «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін жер учаскелерін зерттеу актісіне сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының Қарақия ауданында «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін жалпы ауданы 639 755,0 гектар жер учаскелері 10 жыл мерзімге резервте қалдырылсын.
Тармақ 2
2. Резервте қалдырылатын жер учаскелерінің шекаралары «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қоса беріліп отырған сызбаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 3
3. «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін резервте қалдырылған жерді пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдаланылады.
Тармақ 4
4. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің шекаралары, орналасу схемасы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ №____ қаулысына қосымша «Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығын кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің шекаралары, орналасу схемасы Жерлердің экспликациясы № Ауданның атауы Жалпы көлемі, гектар Оның ішінде санаты бойынша, гектар Босалқы жерлер Бөгде жерлер 1 2 3 4 5 1. Қарақия 639 775 639 767,7286 7,2714 2. Барлығы: 639 775 639 767,7286 7,2714 Бөтен жер пайдаланушылар тізімі № Кадастрлық нөмір Жер учаскесінің орналасқан жері Жер пайдаланушы Көлемі, гектар Нысаналы мақсаты Құқық түрі 1 13197018089 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2018 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі 0,64 «Үшқұдық» техникалық қадағалау пунктін орналастыру үшін Тұрақты жер пайдалану 2 13197018090 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2018 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі 3,0 «Степная» шекара заставасын орналастыру үшін Тұрақты жер пайдалану 3 13197023667 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2018 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі 3,0 «Достық» шекара заставасын орналастыру үшін Тұрақты жер пайдалану 4 13197023668 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2018 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі 0,6314 «Ақ сексеуіл» техникалық қадағалау пунктін орналастыру үшін Тұрақты жер пайдалану Барлығы: 7,2714