О водоохранных зонах и полосах Атырауской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау обылысының су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы Қазақстан Республикасының Су Кодекісіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемілекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, жер бетіндегі судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес жай-күйде ұстау мақсатында, обылыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Обылыстың су айдындарына іргелес жатқан аумақтарда, жер иелері мен жерп пайдаланушылардың жерлерін алусыз, су аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызыметті жүзеге асыруға тыйым салатын жағдайлар тізімі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын ауыстыру, оларды белгілермен және аншлагтармен бекіту, жер есебі құжаттамасына өзгерістер енгізу үшін қажетті қаражттың сәйкесті бюджеттерде кезең-кезеңімен бөлуді қарастырсын және осы жұмыстардың жүргізілуін тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) көліктік мақсаттарға және басқа да арнайы қажеттіліктер үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақтарды бөлуді және пайдалануды, өзендердің ластану, қоқысталу және сарқылу мүмкіндігін болдырмайтындай тиісті пайдалану режимін сақтаған жағдайда, белгіленген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да арнайы уәкілетті органдармен келісім бойынша жүргізсін.
Тармақ 4
4. Атырау қаласы мен аудан әкімдеріне, ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субьектілердің, ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан, басшыларына су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде пайдаланып отырған жерлерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды және шаруашылыққа пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын органдар, Атырау обылысы ішкі істер басқармасы өз өкілеттіктері шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері аумақтарын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Обылыс әкімиятының 2002 жылғы 18 шілдедегі №201 «Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсін. Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылық басқармасының бастығы Қуанов Б.О Атырау обылыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Абдрахман М.Г Атырау обылыстық жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Орынбасаров Т.К Атырау обылыстық жер қойнауын қорғау және пайдалану инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Шырдабаев Б.Р Орал-Каспий обылысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының бастығы Құрманғалиев Т.Н Атырау обылысының ішкі істер басқармасының бастығы Амиров М.С
Басқа 10
Обылыс әкімиятының 2004 жылғы «29» қыркүйек №187 қаулысына 1-қосымша Обылыстың су айдындарына іргелес жатқан аумақтардағы су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең тар ені
Тармақ 1
1. Атырау облысы аумағындағы Каспий теңізінің су қорғау аймағының ең тар ені 500 метрден ке емес болып қабылдансын. Каспий теңізінің су қорғау аймағының ішкі шекарасы көтерілудің ең жоғары деңгейімен белгіленсн.
Тармақ 2
2. Өзендер үшін су қорғау аймағының ең тар ені көп жылдық межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдық деңгейі кезіндегі су жиегіне дейінгі (өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкі жағалаудағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда) және мынадай қосымша қашықтықтар қоса есептеліп белгіленеді: Түрлері Атауы Ені, метр Өзен Жайық Обылыстың басқа өзендері 1000 500
Тармақ 3
3. Суарау-суландыру каналдарының су қорғау аймағының ең тар ені (әр жағалау бойынша қалыпты тірелген деңгейі кезіндегі су жиегінен) - 300 м.
Тармақ 4
4. Су құйылатын су қоймалараы мен көлдер үшін су қорғау аймағының ең тар ені: Түрлері Атауы Ені,метр Акватроиясы 2 шаршы километрден асқан су құйылатыну су қоймалары мен көлдер 500 2 шарашы километрге дейінгі су құйылатын су қоймалары мен көлдер Шағын су қоймалары, көлдер, ескі арналар, тоғандар мен апандар 300
Тармақ 5
5. Су құйылатын және салалардағы су қоймалары үшін ішкі шекара қалыпты тірелген деңгей кезіндегі су жиегі бойынша, ескі арналар мен көлдер үшін – судың жазғы кезеңдегі көп жылдық орташа деңгейінің жиегі бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Салалардағы су қоймаларының су қорғау аймағының ең тар ені олар орналасқан өзендердегідей белгіленеді: Түрлері Атауы Ені,метр Салалардағы су қоймалары 500
Тармақ 7
7. Батпақ үшін су қорғау аймағының ең тар ені 300 метр болып белгіленеді. Батпақтың су қорғау аймағының ішкі шекарасы оның шекарасынан өтеді. Су қорғау аймақтарының көрсетілген көлемдері су объектісінің шаруашылық пайдалану маңызы мен сипатына, санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйіне, іргелес аумақтар мен объектілердің жергілікті физикалық-географиялық, топырақ, гидологиялық, рельефтік және басқа да жағдайларына қарай нақтылануы мүмкін.
Тармақ 8
8. Су объектілерінің жағалауларында орналасқан орманды алқаптар Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су қорғау аймақтарына енгізіледі.
Тармақ 9
9. Табиғи және жасанды шөптер немесе жоғарыда орналасқан аумақтардан (өзендер мен сайлардың бұрмалары, жол-көлік желісі, тоспалар, орманды алқаптардың мүйістері және т.б.) сарқынды сулардың су объектілеріне ағу мүмкіндігін болдырмайтын кедергілер су қорғау аймағының шекарасы бола алады.
Тармақ 10
10. Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алқаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін жағалаулармен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуі болжамын есепке ала отырып айқындалады. Су обьектілері жағалауларына іргелес алқаптар түрлері Дөңдердің тік-еңістігіне қарай су қорғау белдеуінің ең тар ені (м) Жағалаудан еңістігі (нөлдік еңістік) Жағалауға еңістігі 3 градусқа дейін 3 градустан астам Шабындық 35 55 100 Көгал, пішендеме 30 50 75 Орман, бұта 25 35 55 Өзгелері (қолайсыз алқап) 35 35 100 Суқорғау белдеулерінің көрсетілген көлемдері он жылғы кезеңдегі жағалауды қайта өңдеудің болжамды еніне көбейтіледі.
Тармақ 11
11. Жағалауында ағашөбұта немесе қорғаныштық әрі жағалауды бекітетін құрылыстар болған жағдайда құнды ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулері енінің 10 метрге азайтылуына рұқсат етіледі.
Тармақ 12
12. Елді мекендер шегінде және Атырау қаласы бойынша су қорғау белдеулерінің шекарасы оларды салу мен жоспарлаудың нақты жағдайларын, су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын жағалау аймағын міндетті түрде инженерлік немесе орман-мелиоративтік жайластыруды ескере отырып, белгіленеді. Атырау қаласында және басқада елді мекендерде, жағалауды бекітетін құрылыстар болған жағдайда, су қорғау белдеулерінің шекарасын жағалау парапетімен сәйкестендіруге рұқсат етіледі. Қолданыстағы қызымет үшін, жеке және заңды тұлғалардың үй маңындағы, саяжайлық және бақшалық учакелері жерді пайдалану құқына және су қорғау режимін сақтауға мемілекеттік пакеті болған жағдайда су қорғау белдеуі шеңберінде қалады.
Тармақ 13
13. Су қорғау аймақтары мен белдеулері жығасынан жаңа жер телімдерін беру Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасының, қоршаған ортаны қорғау функцияларын жүзеге асыратын арнайы органдардың, Атырау обылыстық мемілекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және ормандар мен жануарлар әлемін қорғау және өсімін молайту жөніндегі басқармалардың келісімі бойынша жүргізіледі.
Басқа 24
Обылыс әкімиятының 2004 жылғы «29» қыркүйек №187 қаулысына 2-қосымша Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызыметті жүзеге асыруға тыйым салатын жағдайлардың тізбесі Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) авиациялық-жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 2
2) зиянкестерсмен, өсімдік ауруларымен және арамшөптермен күресудін химиялық құралдарын қолдануға;
Тармақша 3
3) топырақты тыңайту үшін көң ағындырын пайдалануға;
Тармақша 4
4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар және жанар-жағармай материялдарының қоймаларын, аппаратураларға улы химикаттар құюға арналған алаңдарды, мал шаруашылығы кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын қоймаландыру және көму орындарын, зираттар мен мал қорымдарын, ағынды суларды жинауштарды орналастыруға;
Тармақша 5
5) көң мен қалдықтарды қоймаландыруға;
Тармақша 6
6) автомобильдерге, тракторларға және басқа машианлар мен механизмдерге отын құюға, оларды жууға және жөндеуге;
Тармақша 7
7) су қорғау аймақтары енінің 100 метрден енм және іргелес аумақтар дөндерінің тік-еңістігі 3 градустан астам болған жағдайда саяжай және бау-бақша тілімдерін орналастыруға;
Тармақша 8
8) көлік құралдарынын тұрақтарын, соның ішінде жағажай және бау-бақша телімдері аумақтарында, орналастыруға;
Тармақша 9
9) су обьектілерін және олардын су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқысталуын болдырмайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта құрылымдалған обьектілерді пайдалануға қосуға;
Тармақша 10
10) құрылыс, терендету және бұзу жұмыстарын, ғимараттарды, құрылыстарды, коммуникациялар мен басқа да объектілерді қайта құрылымдауды, сонымен қатар пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды, жер қазу және басқа да жұмыстарды су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен қамту және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізуге;
Тармақша 11
11) малды суға түсруге және санитариялық өңдеуге, шаруашылық қызыметтің судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа түрлеріне тыйым салынады. Су қорғау аймақтары мен санитариялық қорғау аймақтары тура келген жағдайда да санитариялық нормалар мен ережелердің талаптары басшылыққа алынуы тиіс. Су қорғау аймақтары шегінде көрсетілгеннен басқа:
Тармақша 1
1) жерлерді жүйелі түрде жыртуға;
Тармақша 2
2) тыңайтқыштарды қолдануға;
Тармақша 3
3) шайылып кететін грунттардың үйінділерін қоймаландыруға:
Тармақша 4
4) мал жаюға және малдың жазғы лагерін (дәстүрлі суат орындарын пайдаланудан басқа), тоғытпалар ұйымдастыруға;
Тармақша 5
5) маусымдық стационарлық шатырдан құралған қалашық орнатуға және ұйымдастыруға;
Тармақша 6
6) саяжай және бау-бақша телімдерін орналастыруға;
Тармақша 7
7) жаңа тұрғын үй немесе саяжай не басқа құрылыс үшін телімдер бөлуге;
Тармақша 8
8) өткелдер мен жолдар (малдың дәтүрлі суаттарына апаратын жолдардан басқа) салуға;
Тармақша 9
9) арнайы тағайындалған техникадан басқа автомобилдердің, тракторлар мен механизмдердің қозғалысына;
Тармақша 10
10) бас тоған имараттарнан, су реттеуші имараттар мен басқа да арнайы тағайындалған имараттардан өзге ғимараттар мен құрылыстар салуға;
Тармақша 11
11) Атырау қаласы мен елді мекендерде су өткізбейтін күресіндермен жабдықталмаған санитарлық жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;
Тармақша 12
12) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде суаттардың ластануына жол бермейтін құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстаағы нысандарды пайдалануға тыйым салынады.