Об утверждении перечня видов деятельности, по которым разрешено применение специального налогового режима для самозанятых Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы № қаулысымен бекітілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі Р/с № ЭҚЖЖ Қызмет түрлері 1 2 3 1. 01620 Мал шаруашылығына тән қызмет 2. 32200 Музыкалық аспаптар өндірісі 3. 43310 Сылақ жұмыстары 4. 43320 Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары 5. 43330 Еден жабыны және қабырғаларды қаптау 6. 43340 Сырлау және шыны салу жұмыстары 7. 47992 Желілі маркетинг арқылы бөлшек сауда 8. 49320 Такси қызметі 9. 53200 Өзге де пошталық және курьерлік қызметі * 10. 56210 Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу 11. 68201 Жеке меншік немесе жалға алынған тұрғын үйді жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару 12. 74200 Фотосурет саласындағы қызмет 13. 74300 Ауызша және жазбаша аударма қызметі 14. 75000 Ветеринариялық қызмет 15. 77290 Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және олардың лизингі 16. 81211 Тұрғын үйлерді жалпы жинау 17. 82990 Басқа топтарға қосылмаған, қосымша коммерциялық қызмет көрсету бойынша өзге де қызметтер * 18. 85510 Спорт және демалыс саласында білім беру 19. 85520 Мәдениет саласындағы білім беру 20. 85599 Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет 21. 90030 Көркем және әдеби шығармашылық 22. 95110 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу 23. 95120 Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу 24. 95210 Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу 25. 95220 Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу 26. 95231 Аяқ киім жөндеу 27. 95232 Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу 28. 95240 Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу 29. 95251 Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу 30. 95252 Зергерлік бұйымдарды жөндеу 31. 95291 Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу 32. 95292 Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу 33. 95293 Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу 34. 95294 Музыкалық аспаптарды жөндеу 35. 95295 Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу 36. 95296 Велосипед жөндеу 37. 95299 Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу 38. 96020 Шаштараздардың, сұлулық салондарының қызмет көрсетуі 39. 97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі 40. 98100 Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі Ескертпе: 53200 * өзге пошта қызметін қоспағанда; 82990 * интернет-платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ғана. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––