О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление культуры Восточно-Казахстанской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мынадай:
Тармақша 1
1) «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 179 қаулысының;
Тармақша 2
2) «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 179 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің мәдениет мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін. «Келісілді» Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы _____________ С. Большакова 2025 жылғы «____»__________ «Келісілді» Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы _____________Н. Маратов 2025 жылғы «____»__________
Басқа 10. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы «14» қарашадағы № 284 қаулысына 1- қосымша «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарма, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдениетін мемлекеттік қолдау, мәдени мұрасын сақтау және дамыту;
Тармақша 2
2) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші функциясын кеңейту;
Тармақша 4
4) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау. 14.Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) өз функцияларын орындау үшін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тартуға;
Тармақша 3
3) тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізуге құқылы; Міндеттері:
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыру
Тармақша 5
5) басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) басқармаға қарасты ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін құруға келісім беру;
Тармақша 7
7) Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
Тармақша 7
7) өңірлік көркемдік кеңесті құру және оның ережесін бекіту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;
Тармақша 10
10) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 14
14) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
Тармақша 15
15) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
Тармақша 16
16) облыстағы мемлекеттік кітапханалардың біріне «Орталық» мәртебесін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 17
17) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 20
20) отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 21
21) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 22
22) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 24
24) мәдени құндылықтарды уақытша шығаруға арналған сараптамалық комиссияны құру және оның ережесін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 25
25) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 156-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қолдану туралы ескертулер, хаттамалар және шешімдер жасайды;
Тармақша 26
26) облыс әкімдігіне тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 27
27) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды және оларды сотқа жолдайды;
Тармақша 28
28) монументалды өнер құрылыстарын орнату бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 29
29) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарайды және келiседi;
Тармақша 30
30) облыс әкімдігіне тарихи-мәдени мұра объектілерін уәкілетті органның келісімі бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 31
31) уәкілетті органмен келісім бойынша тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде облыс әкімдігіне жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін оның мәртебесінен айыру және оны жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 32
32) облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді, мыналарды бақылауды қамтиды: жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану және ұстау тәртібі; халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде және археологиялық жұмыстарда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 33
33) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы қаулысының жобасын әзірлейді және бекітуге енгізеді;
Тармақша 34
34) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
Тармақша 35
35) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 36
36) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) маңдайшаны облыстық маңызы бар қалада орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсат және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) «Мекенжайлар регистрі» ақпараттық жүйесінде топоним сөздігі бойынша мәліметтерді жүргізу және өзектілеу процесін жүзеге асырады;
Тармақша 39
39) облыстық ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 40
40) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 41
41) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-6 бабына сәйкес облыс аумағында тілдерді дамыту саласында тексерулер түріндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 42
42) облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ басқа да елді мекендерде көшелер аншлагтарының нобайларын жазудың дұрыстығын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 43
43) «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімдерді қабылдау», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді;
Тармақша 44
44) мәдениет саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
Тармақша 45
45) мәдениет саласындағы облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 46
46) мәдениет саласындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 47
47) басқармада және оған қарасты мәдениет ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 48
48) басқармада және оған қарасты мәдениет ұйымдарында терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүзеге асырады, тиісті қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға қолдау мен қажетті көмек көрсетеді;
Тармақша 49
49) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;
Тармақша 50
50) басқармада және оған қарасты мәдениет ұйымдарында мобилизациялық дайындықты қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 51
51) қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
Тармақша 52
52) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 53) орган жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді; 54) аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыруға және инвестиция тартуға ықпал етеді; 55) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарт жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) банк шоттарын ашады;
Тармақша 6
6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының, мекемелері мен ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 8
8) басқарма қызметкерлері мен басқарма басшысы тағайындайтын өзге де қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 9
9) өз орынбасарының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды, ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 11
11) ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке олардың тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіби даярлығына сәйкес тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасы, осы Ереже, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі және әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4- тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған берілген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан Өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Зайсан тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Басқа 127. «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы «14» қарашадағы № 284 қаулысына 2 - қосымша «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы Басқарма басшысы Басшының орынбасары Мәдениет және өнер бөлімі Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі Саланы стратегиялық дамыту бөлімі Бас маман - заңгер