О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Сарыкольском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыкөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарыкөл ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 3 пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.