О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Нуринском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра ауданы бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда корпоративтік немесе жеке табыс салығының (төлем көзіне салық ұсталатын табыстардан басқа) мөлшерлемесін Нұра ауданының аумағында салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыстар бойынша 4 %-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.