О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 17 қарашадағы
№ 304
Қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6284 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының аумағында карантиндік режимінің күшін жою туралы және «Карантиндік режимді енгізе отырып, Айыртау, Ақжар, Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын аудандарының аумағында карантинді аймақты белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 100 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29534 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. «2025 жылға арналған тыңайтқыштардың субсидияланатын түрлерінің тізбесін және сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 84 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7881-15 болып тіркелді).
Тармақ 4
4. «2025 жылға арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 2 мамырдағы № 112 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7912-15 болып тіркелді).