О снижении налоговой ставки по специальному налоговому режиму на основе упрощённой декларации на территории Казыгуртского района Қолданыста
Басқа 0
Қазығұрт ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (Салық Кодексі) 726-бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданындатөлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесі 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №12/80-VIII «Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6494-13 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.