Об утверждении Положения о дисциплинарном совете области Қолданыста
Басқа 0
Облыс тәртіптік кеңесі жөніндегі Ережені бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
27 бабына, "Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының тәртіптік
кеңестерінің кейбір мәселелері" жөніндегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына сәйкес
облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Облыс тәртіптік кеңесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Басқа 2
Облыс әкімдігінің
2004 жылғы 21 қазандағы
№ 295 қаулысымен бекітілді
Облыс тәртіптік кеңесі жөніндегі Ереже
Осы Ереже Ақтөбе облысы тәртіптік кеңесінің мәртебесін, өкілеттіктерін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін анықтайды.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс тәртіптік кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) қызметін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігі (бұдан әрі
- Агенттік) үйлестіретін, бақылайтын және тексеретін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
зандарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне,
облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық
актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық,
объективтілік пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алады.
Бөлім 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 3
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс әкімдігі мен әкімінің, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының, облыс құқық қоргау органдарының, аумақтық мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - Мемлекеттік органдар) және мемлекеттік ұйымдардың қарауына осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген тұлғаларды қызметтік этика Ережелерін бұзғаны үшін не тәртіптік жауапкершілекке тартатын сыбайлас жемқорлықты құқық бұзғаны үшін тәртіптік жаупкершілікке тарту жөнінде ұсынымдар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдер мен Мемлекеттік органдар басшыларына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде мемлекеттік тәртіпті нығайту, осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген тұлғалардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы мен қызметтік этика Ережелерінің талаптарын сақтауы жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілер қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның тапсырмаларын, сондай-ақ
Агентіктің тапсырмаларын, азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін,
бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын, өзге де көздерден алынған
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
заңнамасын және қызметтік этика Ережелерін бұзылғандығы туралы деректер жөніндегі ақпараттарды қарау;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген тұлғалардың сыбайлас
жемқорлықпен күрес пен қызметтік этика Ережелерін сақтауын ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды
Агенттіктің қарауына енгізу.
Бөлім 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі
Тармақ 4
4. Кеңес облыс әкімдігімен құрылады және төрағадан және мәслихат
депутаттарынан, жергілікті жұртшылық өкілдерінен және аумақтық мемлекеттік органдар басшылары болып табылатын Кеңес мүшелерінен
тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ санды, 7-ден кем болмау тиіс.
Тармақ 5
5. Кеңестің төрағасын облыс әкімі Агенттік Төрағасының келісімі
бойынша лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Кеңес
төрағасының лауазымы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тең болады.
Тармақ 6
6. Хатшылық Кеңестің жұмыс органы болып табылады, ол облыс әкімі аппаратының жалпы саны есебінен құралады. Хатшылықтың санын Агенттік Төрағасының ұсынысы бойынша облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 7
7. Кеңестің төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлері мем-
лекеттік қызметші болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшылығының меңгерушісі Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңес хатшысының лауазымы облыс әкімі бөлімінің меңгерушісі
лауазымына тең болады.
Тармақ 9
9. Кеңес хатшылығының қызметкерлері Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады
және лауазымнан босатылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады
және Кеңес отырыстарына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына Кеңестің дербес құрамы
жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) Кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін
басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарының күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерінің арасынан Кеңес мәжілістерінде қаралатын
нақты мәселелер бойынша баяндамашыны анықтайды;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Кеңес жұмысының қорытындылары, соның ішінде
мемлекеттік қызметшілер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданған шаралар жөнінде Агентікке есеп береді;
Тармақша 7
7) Кеңес жұмысының қорытындылары жөнінде облыс әкіміне тоқсан
сайын хабардар етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақ 12
12. Кеңес отырыстары:
Тармақша 1
1) егер Кеңес мүшелері жалпы санының кем дегенде үштен екісі
қатысқанда, заңды болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттілікке-орай, бірақ кем дегенде екі айда бір рет өткізіледі;
Тармақша 3
3) ашық түрде өтеді, қажет болған орайда (егер мәселелерді
қарастыру мемлекеттік құпияларға қатысты болса), Кеңес төрағасының
шешімі бойынша және Агентіктің келісім бойынша жабық түрде өткізіле
алады.
Тармақ 13
13. Кеңес отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерінің көпшілік
дауыс берумен шешім қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда
төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.
Тармақ 14
14. Кеңес төрағасы болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Кеңес
мүшелерінің бірі мәжілістерге төрағалық етеді.
Бөлім 4. 4. Кеңестің құқығы
4. Кеңестің құқығы
Тармақ 15
15. Кеңес өз құзыреті шеңберінде:
Тармақша 1
1) өз отырыстарында Мемлекеттік органдардың, олардың
бөлімшелері мен мәслихаттар аппараттарының басшылары мен лаузымды
адамдарды тыңдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес
Мемлекеттік органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де
ұйымдардан алдарында тұрған міндеттерді орындауға қажетті материалдар
мен ақпараттарды сүратуға және алуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген адамдардың ауызша
және жазбаша түрде түсініктер талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген адамдардың Қазақстан
Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы Ережесі нормаларын бұзу фактілері бойынша тексерістер мен
қызметтік тексерулер өткізу туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) сыбайлас жемқорлықты айыптарды Агенттіктің аймақтық органдарымен бірге қарау мәселелері туралы өзара іс-қимылды жүзеге асыруға
құқылы.
Тармақ 16
16. Кеңестің жүмыс органы өз құзыреті шеңберінде Кеңес
Төрағасының окімімен осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген адамдарға
қатысты тәртіптік істі қарау үшін тексерулер өткізеді, материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған міндеттерді қамтамасыз ету үшін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бөлім 5. 5. Тәртіптік істерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі мен мерзімі
5. Тәртіптік істерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі мен мерзімі
Тармақ 17
17. Кеңес қалаларға, аудандарға, кенттерге, ауылдарға (селолар),
ауылдық (селолық) округтерге; Қазақстан Республикасының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен қызмет этикасы Ережесінің бұзылуына
жол берген орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен
жергілікті соттар кеңселерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне
(басшылары мен олардың орынбасарларынан басқа), сондай-ақ мемлекеттік органдардағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен
ұйымдардағы немесе жарғылық капиталында мемлекеттік меншіктің
қосынды үлесі кем дегенде отыз бес пайызды құрайтын мемлекеттік функцияларды атқару уәкілетті басқа да адамдар мен оларға теңестірілген
адамдарға, сыбайлас жемқорлықпен тәртіп бүзған, тәртіптік жауап беруге
алып келетін аумақтық, құқық қорғау органдарының лауазымды
тұлғаларына қатысты тәртіптік істерді қарайды.
Кеңес облыс прокуратура, ұлтық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне, Президенті Күзету қызметі мен Республикалық Ұланға қатысты іс қарамайды.
Тармақ 18
18. Кеңес уәкілетті органға немесе лауазымды тұлғаға сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы Комиссияның тапсырмаларын қарау қорытындыларын және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын сақтау жөнінде ұсыныс бере алады.
Тармақ 19
19. Тәртіптік кеңес төрағасы қозғаған тәртіптік істі Кеңес ол
өндіріске қабылданған күннен бастап екі жұмаға дейінгі мерзімде қарауы
керек.
Тәртіптік істі Кеңес отырысында қарағанға дейін оның хатшылығы
тексеріс жасайды (бір ай мерзімге дейін), соның барысында іске қатысты
жағдайлар мен мәліметтер зерделенеді, тәртіптік жауапкерішілікке тартылатын адамдардан жазбаша түсініктер сұратылады, ал тәртіптік істі Кеңес
мәжілісінде қарау, әдетте, олардың қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 20
20. Тәртіптік істі қарау қорытындылары бойынша Кеңес мына
шешімдердің бірін шығарады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына
осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген адамдарды тиісті жазаға тарту
ұсыну;
Тармақша 2
2) тәртіптік істің материалдары нақты шешім қабылдау үшін
құзыретті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына
жіберу;
Тармақша 3
3) тәртіптік істі тоқтату.
Тармақ 21
21. Осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген адамдардың іс-
әрекеттерінде қылмыс белгілер болған жағдайда, Кеңес осы тұлғаны белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені
шешу үшін тиісті құжаттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына
жібереді. Кеңес материалдар мен кұжаттардың құқық қорғау органдарына
жіберілгендігі туралы Агентікті хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Осы Ереженің 17 тармағында көрсетілген, Кеңес қабылдаған
шешіммен келіспейтін мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шағым
беруге құқылы.
Бөлім 6. 6. Кеңестің қызметің материалдық-техникалық және ұйымдастыру жағынаң қамтамасыз ету
6. Кеңестің қызметің материалдық-техникалық және ұйымдастыру жағынаң қамтамасыз ету
Тармақ 23
23. Кеңес пен оның хатшылығының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді облыс әкімі аппараты жүзеге асырады.