Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитутін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 18,5834 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.