О корректировке базовых ставок земельного налога по району Алтай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 43/3-VІ «Алтай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерiн бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-191болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577, 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері, жерлерге:
Тармақша 1
1) Алтай қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі: I, II, V, VI-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын; III, IV-аймақтар бойынша – 40 % арттырылсын.
Тармақша 2
2) Серебрянск қаласы (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі: I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын.
Тармақша 3
3) Алтай ауданының ауылдық елді мекендері (үй маңындағы жер учаскелерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі: I, II, III, IV, V-аймақтар бойынша – 50 % арттырылсын; VI-аймақ бойынша – 40 арттырылсын; VII-аймақ бойынша: Дородница, Бородино ауылы – 50 % арттырылсын; Заводинка, Северное, Васильевка, Богатырево, Шірікқайың, Александровка ауылы (Средигорное ауылдық округі) – 40 % арттырылсын; Баяновск, Андреевка, Пролетарка, Орловка, Крестовка ауылы - 30 % арттырылсын. VIII-аймақ бойынша: Ермаковка, Алтайка ауылы – 50 % арттырылсын; Бұқтырма, Селезневка станциясы, Быково, Кутиха ауылы – 40 % арттырылсын; Сажаевка ауылы – 30 % арттырылсын. IX-аймақ бойынша: Березовка ауылы – 50 % арттырылсын; Александровка, Кремнюха ауылы – 40 % арттырылсын.
Тармақша 4
4) Алтай ауданының елді мекендерінен тыс орналасқан өнеркәсіп, жер салығының базалық мөлшерлемесі: I-аймақ бойынша – 50 % арттырылсын; II-аймақ бойынша – 40 % арттырылсын; III-аймақ бойынша – 30% арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.