О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в районе Алтай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6- бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алтай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. «Алтай ауданының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді Алтай ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.