Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) по району Алтай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алтай ауданы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 3
3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын жатқан елді мекен Алтай қаласы болып айқындалсын.
Тармақ 4
4. «Алтай ауданының мәслихат аппараты» мемлкеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 6. Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Алтай ауданының мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 34/3-VIII шешіміне 1-қосымша Алтай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары № р/с Ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер) Са­нат­тар 1 Жа­бық үл­гі­де­гі же­рү­сті ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге), ашық үл­гі­де­гі ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге) 1- са­нат 2 Өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­ға жап­сар­лай са­лын­ған ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге), өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­ға кі­рік­ті­рі­л­ген ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер­ге) 2- са­нат 3 Ғи­ма­рат­тар­дың астын­да же­ра­с­ты, жер­тө­ле, цо­коль­ды неме­се же­рү­сті тө­мен­гі қа­бат­тар­да ор­на­лас­қан ав­то­тұ­рақ­тар (пар­кинг­тер) 3- са­нат
Басқа 7. Алтай ауданы аумағында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
Алтай ауданының мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 34/3-VIII шешіміне 2-қосымша Алтай ауданы аумағында автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері № р/с Ав­то­тұ­рақ­тар­дың (пар­кинг­тер дің) са­нат­та­ры Ав­то­тұ­рақ­тар­ға (пар­кинг­тер­ге) бө­лін­ген жер­лер­ге ба­за­лық са­лық мөл­шер­ле­ме­ле­рі Ба­за­лық мөл­шер­ле­ме­лер­дің ұл­ға­юы Аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар (Ал­тай, Се­реб­рянск) Кент­тер Ауыл­дар 1 1-са­нат 7,24 0,96 0,48 10 есе 2 2-са­нат 7,24 0,96 0,48 9 есе 3 3-са­нат 7,24 0,96 0,48 8 есе