Об утверждении ставок платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи, а также сотовой связи Қолданыста
Басқа 0
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын,
сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы
мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 651-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы
мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру үшін төлемақы
мөлшерлемелері
Төлеушілер
Төлемақы мөлшерлемелері, % *
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары
1,3992
Ұялы байланыс операторлары
1,3992
* Ескертпе: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 650-бабына сәйкес жылдық төлемақыны есептеу үшін 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
_______________________________________