Об отнесении объекта строительства к объектам, требующим особого регулирования и (или) градостроительной регламентации Қолданыста
Басқа 0
Құрылыс объектісін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламенттеу талап ететін объектілерге жатқызу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақ дақылдардын терең өңдеуге арналған интеграцияланған агроөнеркәсіптік кешенін салу» құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламенттеу талап ететін объектілерге жатқызылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.