О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Бородулихинском районе Қолданыста
Басқа 0
Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдау кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.