О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Исатайском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Исатай ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Исатай ауданында арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.