О понижении размера ставок налогов при применении специального налогового режима на основе упрощённой декларации (розничного налога) в Уланском районе Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында оңайлатылған декларация негізіндегі (бөлшек салық) арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету туралы Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 726- бабына сәйкес, Ұлан ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін алынған (алынуға жататын) кірістер (шығыстарды есепке алмағанда) бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 127 «Ұлан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8992-16 нөмірімен тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 09.04.2024 жылы жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.