Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Уилскому району Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Ойыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «25» қарашадағы № 179 қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Ме­ке­ме­лер­дің түр­ле­рі Қыз­мет алушы­лар­дың түр­ле­рі Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ның та­ри­фі (тең­ге) 1 2 3 5 1. Үй­де қыз­мет көр­се­ту 1) пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ауыт­қу­ла­ры бар бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар; 2) ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған бір жа­рым жастан он се­гіз жас­қа дей­ін­гі мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар; 3) пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар он се­гіз жастан ас­қан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар; 4) бі­рін­ші және екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар; 5) егде жа­сы­на бай­ла­ны­сты өзіне қыз­мет­тер көр­се­ту­ге мүм­кін­ді­гі жоқ адам­дар. 4411,47