О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в районе Аққулы Қолданыста
Басқа 0
Аққулы ауданында оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық
мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аққулы ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, оңайлатылған декларация негізінде салық төлеуші салық салу объектісіне дербес жүргізу жолымен арнаулы салық режимін қолдану кезінде корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде 4% - дан (төрт пайыздан) 3% - ға (үш пайызға) төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.