О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима на основе упрощенной декларации в Иртышском районе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ертіс ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мөлшерлемесінің мөлшерін қызмет түріне және орналасқан жеріне байланысты есепті салық кезеңі үшін осындай мөлшерлемелермен салық салынатын кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.